jasqazaq.kz

Қазақстанда 1 наурыздан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» жұмыс істейді

10 ақпан 2016, 16:49
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 1 наурыздан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» жұмыс істейді, оған мемлекеттік төрт кәсіпорын біріктіріледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіне  сілтеме  жасаған  Kazgazeta.kz.

ҚР Үкіметінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралықаулысы 2016 жылдың 1 наурызында күшіне енеді.

Мемлекеттік корпорацияға «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» және «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» кіреді.

«Корпорация біріктіріліп отырған кәсіпорындар қаражатынан қаржыландырылады. Республикалық бюджеттен қосымша қаражат алынбайды», — деді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті өкілдері.

Қазақстандықтар осылайша таңғы сағат 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін, үзіліссіз қызмет ала алады.

13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік