Қазақстан жастарының үндеуі

18 мамыр 2016, 18:48

1

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның алдына әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру міндетін қойды. Біз бұған білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістерсіз қалай қол жеткіземіз? Қазіргі таңда халықаралық ағылшын тілін білудің маңыздылығын түсіну үшін министр немесе ғалым болу керек емес. Мұны Қазақстанның әр жас азаматы түсінеді! Үш тілді білудің келешекке жол ашатыны да түсінікті. Болашақта Қазақстанды жаңа буын дамытады, сондықтан ертең әлемнің алдыңғы қатарлы, заманауи жастарымен бір деңгейде болу үшін бүгінде бізнені, қалай үйренетінімізге немқұрайлы қарай алмаймыз!
Егер кімде-кім Білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жас ойшылдар мен өрендерге емес, бізді тәрбиелеп, оқытатындарға арналған деп ойласа – қателеседі. Ең әуелі бұл бізге қатысты және жастарғаталай жаңа жол ашады. Көптеген елдерде жастар бірнеше халықаралық тілдерді біледі, онда неге біз үшін ағылшын тілін меңгеру – таңғажайып, іске асырылмайтын тапсырма? Жоқ, олай емес, біз бәсекеге қабілетті, әлемдік кеңістікте өзін еркін таныта алатындай деңгейде болғымыз келеді. Қазақстан жастары биік белестерді бағындыруға дайын, бірақ ол үшін үлкен өзгерістер қажет – біз өз тарапымыздан мұндай өзгерістерге дайынбыз!
Президент Н.Назарбаев еліміздің жастарына, басқа ешбір елдебасшысы жасай алмаған жағдайды жасап, оларға қолдау көрсетіп отыр. «Болашақ» бағдарламасы – әлемде теңдесі жоқ бірегей бағдарлама. Бүгін біздің үндеуімізге «Болашақ» бағдарламасы бойыншаәлемнің алдыңғықатарлы жоғары оқу орындарында оқитын жастар қосылуда: «Туған жерімізден жырақта жүріп, біз қазақ тілінің маңызын жете түсінеміз, оны дамытудың қажеттігін түсінеміз. Жаңа ғасырдағы мемлекетке бірнешге тілді меңгерген білікті, белсенді кадрлер қажет. Ертең елырысын еселеу үшін, біз бүгін жоғары сапалы білімді шетелде алудамыз. Біз үш тілде білім беру жүйесін енгізу бастамасын қолдаймыз, өйткені шетелде оқу кезінде ағылшын тілінің аса қажет екенін сезінеміз. Қазіргі әлемдегі табысты, заманауи адамның ең қажет қасиеттерінің бірі – халықаралық тілді білу. Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы –елімізді ілгерілетудің қозғаушы күші. Бағдарлама келешекте ғылымдағы, технологиядағы халықаралық трендерді Қазақстанда қолдану үшін біздің жастарға әлемдегі озық университеттерде білім алуға зор мүмкіндік жасап отыр».
Бүгінде шетелге шығуға, үздік білім алуға мүмкіндік беретін әртүрлі халықаралық бағдарламалар бар. Көбінесе сол бағдарламаларға қатысуға кедергі болатын фактор – ағылшын тілін жетік білмеу. Қазақ тілін және орыс тілін дамыту үшін біздің қоғамымызда жағдай бар, осы тілдерді меңгеру дағдысын бұл ортада қолдана аламыз. Алайда, халықаралық тілде сөйлесу практикасы осы уақытқа дейін бізде болған жоқ,үш тілде білім беру жүйесін енгізу ағылшын тілін меңгеріп, практикада толық қолдануға мүмкіндік туғызады.Өйткені тілді тек ағылшын тілі сабағында қолдану – бір басқа, ал сол тілде химия, биология, физика пәндерін оқу – мүлдем басқа. Халықаралық тілді әлемдегі замандастарымыздың білу дейгейіне жеткізудің басқа жолы жоқ. Бұл бағдарламаның әділдігі жаңа сапалы білім ауылдағы оқушыларға да, қаладағы оқушыларға да бірдей қол жетімділігінде.
Сонымен қатар енгізілетін басқа өзгерістерді де жағымды жаңалықтар деп қабылдаймыз, өйткені олар уақыт талабына сай. Жастарды отбасы құндылықтарынан, өз түп тамырынан алшақтады деп айыптаса, бізге үйде болуға, ата-анамызбен, ата-әжелерімізбен араласуға көбірек уақыт беріңіз. Бес күндік оқу аптасына көшу осындай мүмкіндік туғызады. Біз жас болсақ та,өмірге өзгерістер енгізудің оңай емес екенін толық түсінеміз. Әрине, өзгеріссіз, үйреншікті өмір сүру әлдеқайда жеңіл. Жолымызда қандай қиындықтар кездессе де, олар тәуелсіздік алған кезіміздегі біз жеңген қиыншылықтармен салыстыруға келмейді. Жұмыла жұмыс жасасақ, біз мықты, өзіне нық сенімді, бәсекеге қабілетті Қазақстанды қалыптастыруда жаңа жетістіктерге жете аламыз. Қазақстанның барлық жастары «Болашақ» бағдарламасының стипендияттарындай болса, еліміз болашаққа қарышты қадам басады. Біз болашаққа кәміл сенеміз!

Бүгінде, 2016 жылғы 14-мамыр күні, үндеуге қол қойғандар: Қазақстан жастарының конгресі, төраға – Айдын Сабитов (15 000 адам), «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Республикалық штабы, төраға – Рахат Хамидуллин (750 адам), Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы, Атқарушы директор міндетін орындаушы – Божаков Азамат Әбдібекұлы (250 адам), «Жас Ұлан» Біріккен балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, төраға – Динара Садуақасова (2000 адам), Қазақстанның неміс жастары кеңесі, төраға – Рубен Бахман (2000 адам), Жастар іскерлік кеңесі, төраға – Қайырболат Сахметов (500 адам), Қазақстан студенттерінің альянсы, төраға – Мержан Әбілқас (1500 адам), «Павлодар Альянс» Француз орталығы, төраға – Дмитрий Корепанов (500 адам), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Жастар істері жөніндегі комитет төрағасы -Руслан Тезекбаев (70 адам), Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастаржәне әлем тілдері университеті, ЖІК төрағасы — Алтынбек Бисенов (95 адам), Халықаралық бизнес университеті, Жастар саясаты орталығының жетекшісі — Диана Оспанова (210 адам), Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, ЖІК төрайымы Әсем Асқарбаева — (50 адам), Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, ЖІК төрағасы — Рустам Бузяков (80 адам), С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, ЖІК төрағасы — Шыңғысхан Қабдықалықов (60 адам), О.Жәутіков атындағы РФММ, Мектеп кеңесі президенті — Асқар Серікханов (250 адам).

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген