jasqazaq.kz

«Қазақшаңды түсінбеймін. Алатын затыңды орысша сөйлеп ал!»

19 қыркүйек 2016, 14:50
0000-418x254Саясаттанушы Әзімбай Ғали өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ тіліне қатысты басынан өткен сорақы жағдайды айтып беріпті. Оқыдық. Ойландық. «Сулпак» дейтін дүкендегі сатушы қыз «қазақшаңды түсінбеймін. Алатын затыңды орысша сөйлеп ал!» деп қазақтың білдей азаматын, ұлтжанды ұлын жер қылыпты. «Сулпак» сонша кім еді? 

«Мен Сулпакка (қателеспесем, Ақсай 4) «наушник» алуға келгенмін.  Шығыс келбетті қызға «алатын затым қанша турады?» деп сұрадым. Бірақ шығыс келбетті қыз (мен адамды түріне қарап бөлмеймін, мен үшін адамды келе салып жүрген жерде нәсілге бөлу жөн емес): «Мен қазақ емеспін . Мен қазақша сөйлеуге міндетті емеспін. Мен басқа ұлт өкілімін» деп көзін алартып сөгіп тастады.

Мен тұтынушы ретінде тіл сұрап келген жоқпын, мен зат алуға келген едім. Солай. Мен зат алуға келіп, дауға кезіктім. Қан қысымым көтеріліп, үйге жеткенше (үйде дәрі бар) иманымды айтып келдім.

Осыдан біраз уақыт бұрын сол дүкенде тағы бір шығыс қызымен де тура сондай жағдай болған.

Мен соңғы рет сол дүкенге барғанда ол қызды көрмедім. Қалай болса да «Сулпакта» тек орысша еркін түсінетін клиентке ғана қызмет көрсетеді, басқа жағдайда бір типтес оқиға екі рет қалай қайталанады? Әйтеуір менде күмән бар, ал сіз қалай ойлайсыз?

Тұтынушыны тілге байланысты шеттету «Сулпакка» керек пе? «Сулпак» менеджерлері менің арызымды оқып, шара қолданар деген үміттемін», дейді Әзімбай Ғали.

 

27 наурыз, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету