jasqazaq.kz

Қазақ пен қырғыз ит төбелестірді (фото)

15 наурыз 2017, 11:09

Бішкекте Орта Азия чемпионатының аясында Қазақстан мен Қырғызстанның алабай иттерінің төбелесі өтті.

«Қазақстан 14 ит шығарғандықтан, бізде дәл сондай ит шығардық. Біздің иттеріміз 7:5 есебімен жеңді. Тағы екі ит конкурстан тыс төбелесті», — деп атап өтті «Қырғыз бөрібасарлары» қоғамдық бірлестігінің өкілі Әділ Тұлғабаев.

Ол төбелестің төрт салмақ категориясында өткенін, бірақ сайысқа үш жасқа дейінгі ғана иттер қатысқанын айтты.

Жеңген ит ұтыс қана алмайды, сонымен қатар халықаралық жарысқа қатысуға жолдама алады. Чемпионнан алынған күшіктердің де бағасы қымбат болады. Бұл туралы nur.kz хабарлады.

«Мұндай сайыс –шоу үшін емес. Төбелестер итті батыл болуға, қасқырға қорықпай шабуға үйретеді. Рингте олар қатты жарақат алмайды. Оның орын алуына қожайындар да, төрешілер де мүмкіндік бермейді. Қырғыз бөрібасары – ұлт мақтанышы. Мұны көп насихаттап, дамыту керек. Манасты ұмытпаймыз ғой, бұл да сондай жетістік», — деп мәлімдеді Тұлғабаев.

Айта кететіні, жарысқа қатысты халық екі түрлі пікірде болды.

» Бұл дұрыс емес. Мен ұйымдастырушыларға 100 мың сом айыппұл салатын едім»

» Мынау не деген масқара? Біз қай ғасырда өмір сүреміз? Ау, биліктегілер бірдеңе жасасаңыздаршы!» , — деп кейбір адамдар жарысқа түбегейлі қарсылақтарын білдірген.

Бүгін, 18:34
Салық саясатындағы өзгерістің күнгей тұсы
Бүгін, 17:56
Қазақстанның бітімгершілік миссиясының шежіресі
Бүгін, 11:15
Агроөнеркәсіпті дамыту – мемлекетті нығайтудың көрінісі
17 қазан, 12:01
Алматыда «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша көше тазалаудың жаңа форматы енгізіледі
16 қазан, 18:24
Алматыда коммуналдық техника паркі жаңартылып, жаңа қар ерітетін кешендер ашылып жатыр
16 қазан, 16:33
Медеу ауданында тұрғындардың өтінішімен 280 метрден астам баспалдақ жаңартылды
16 қазан, 16:13
Дархан Сатыбалды ауа сапасын бақылау мен заңсыз қоқыс орындарын жоюды тапсырды
06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті
30 қыркүйек, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында