jasqazaq.kz

Қазақ билерін оқуға кеңес берді

21 қараша 2016, 17:37

snimok

Астанада өтiп жатқан республика судьяларының VII съезі барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев жиналған судьяларға кезiнде даугерлердi бiр ауыз сөзбен тоқтатқан қазақ билерiнiң шешендiк сөздерiн оқуға кеңес бердi.

«Билерiмiздiң iстерiн бәрiмiз бiлемiз. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидiң, бер жағында Бұқар жыраудың айтқандарын оқып отырыңыздар. Олар бiр ауыз сөзбен екi жақты жақындастырып, дауларды шештi. Сөзге тоқтаған қазақ келiсiмге келiп, айыппұлын төледi. Негiзiне келетiн болсақ, содан берi онша ештеңе өзгерген жоқ. Бастысы – әдiлдiк. «Әдiл биде ағайын жоқ» деген сөз бар. Қазақпыз ғой, ағайынсыз, жұрағатсыз, жекжатсыз болмаймыз. Дегенмен, елдi тәртiпке келтiру керек», – дейдi Мемлекет басшысы.
Елбасының айтуынша, мемлекет соттарды қолдап, судьяларды қорғауы керек, ал олар өз шаруасын жақсылап атқаруы қажет.
Айта кетейiк, Астанада республика судьяларының VII съезі өтіп жатыр. Маңызды жиынға судьялар корпусы, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, заңгерлер қауымдастығының, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен әлемнің 10-нан астам елiнен келген сарапшылар – барлығы 600 делегат қатысып жатыр.
Республика судьяларының съезi 4 жылда бір рет өтеді. Тәуелсіздік жылдарында алты съезд (алғашқысы 1996 жылы) өтті. Маңызды жиын сот жүйесінің дамуы үшін айрықша стратегиялық мәнге ие. Олардың әрбірінде соттар дамуының қорытындысы шығарылып, өзекті мәселелер төңірегінде шешімдер қабылданады.

17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр
17 желтоқсан, 13:59
Мерей Оңғаров: Алматыны газдандыру 100 пайызға жақындады
16 желтоқсан, 14:00
Алматы: Жылу жүйесі қыс маусымына дайын
15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет