jasqazaq.kz

Әз Наурыз — жақсылық пен жасампаздыққа ұмтылудың нышаны

22 наурыз 2023, 13:25

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Ол өзінің Фейсбук парақшасында:

«Құрметті достар! Баршаңызды Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Әз-Наурыз – қуаныш пен шаттықтың, жаңару мен жаңғырудың мерекесі. Тереңнен тамыр тартатын бұл мейрамды жақсылық пен жасампаздыққа ұмтылудың нышаны деп қабылдаймыз. Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық құндылықтарымыз төрге шығып, салтымыз бен дәстүріміз дәріптеледі.

Шын мәнінде, халқымыз Наурыз айын жылдың басы деп қашанда ерекше көңіл-күймен қарсы алған. Осы күндері ағайын-туыстың басы қосылып, бұлақтың көзін ашу, ағаш отырғызу сияқты ізгі амалдар жасалған. Мұның бәрі – елдің ырысын арттырып, ынтымағын нығайтатын, ұрпақты татулық пен тазалыққа үндейтін игі істер», — деп жазды.

JQ-Aqparat

 

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң