jasqazaq.kz

Аянышты алты тағдыр

16 қыркүйек 2016, 14:49

img-20160912-wa0298

Өткенде ғана қала басшысынан сөз естіп шыққан 14 баланың анасы жайында Ақтөбе жақтан шу шығып еді. Абырой болғанда, көпшіліктің араласуымен, жергілікті билік көпбалалы Әлия Новиковаға үй кезегі келгенше, уақытша 3 бөлмелі пәтер тауып берді.

Ауруханада қызмет ететін бір қызының атына қызмет баспанасы деп рәсімдегенге ұқсайды. Әйтеуір, балалы үй бұрынғыдай жалдамалы баспанада емес, кең үйде тұрып жатыр.
Бұл жаңалыққа қуанып та үлгермей, ақтөбеліктер келесі мәселеге тап болды. Қалалық мешітке таяу маңдағы саябақта алты баланың суық үйде дірдектеп жатқаны белгілі болды. Көршілерінің айтуына қарағанда, бұлардың анасы бірнеше жылдан бері көрінбейді. Балалары оның оңтүстік облыстардың бірінде жұмыс істеп жүргенін айтып, шешесіне шаң жуытқысы жоқ.
Ал алты балаға бас-көз болып жүрген отағасы Бақытбек Шыныбеков инсульт алып, ауруханаға түсіп қалған екен. Оған дейін балалардың әкесі жолаушы тасып, күнделікті нәпақасын айырып отырған. Денсаулығы сыр берген ол енді төсек тартып жатыр. Тілі күрмелген. Алайда дәрігерлер оның жағдайының қалыпты екенін айтып, сендіріп отыр.

img-20160912-wa0299
Құрылысы аяқталмаған, есік-терезесінен жел үрлеген суық үйде кәмелетке толмаған балаларға қарайласатын ешкім болмапты. Балалардың үлкені 17 жастағы Сапаргүл қаладағы колледждің бірінде оқиды. Әкесі ауруханаға түскелі сабақтан сұранып, бауырларына қарауға мәжбүр.
Абырой болғанда, отбасының ауыр жағдайы ғаламтор бетінде сөз болып, еріктілер тобы ешкімді күтпей, өз бетімен киім-кешек жинап, азық-түлік жеткізіп берді. Қолы ашық азаматтар газ тартып береміз деп қалды. Тағы бірі құрылыс жағына көмектесетінін жеткізді.
«Бізге көмек керек, тоңамыз, күн салқындады, газ керек», – дейді 6 жастағы Диана.
Жағдайы жоқ отбасыға қала әкімі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның хатшысы келіп кетті.
Ал әкесі балаларынан бас тартқан жоқ. Көршілері айтқандай, анасының көп уақыттан бері балаларға қарайласпағаны рас болса, оларды бағып-қағып отырған осы әкесі емес пе?!

P.S:

Ата-анасыз тұрып жатқан балалардың жағдайына бей-жәй қарай алмайтын адамдар белсенді түрде көмек беріп жатыр. Бір әйел оларды өз қолына алып тамағын беріп, жуындырып, содан кейін жиналған қаражатқа өздері оқитын мектептің жанынан бір айға пәтер жалдап берді.

Асқар Ақтілеу,
Ақтөбе

27 наурыз, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету