jasqazaq.kz

Автосаяхатшы Connor Қазақстанның көрікті жерлерін аралады

Бүгін, 16:59

Америкалық авто-саяхатшы әрі блогер Connor (@camperghini) халықаралық автотур аясында Қазақстанға келді. Алматыда оны Kazakh Tourism ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қарсы алып, қаладағы негізгі туристік нысандармен таныстырып, өңірдің мәдени және табиғи әлеуетін көрсетті.
Сапар барысында блогер Алматы қаласының бірқатар көрнекті орындарын аралады. Олардың қатарында Вознесенск кафедралды соборы, Шымбұлақ тау-шаңғы курорты, Көктөбе және Медеу мұз айдыны бар. Сонымен қатар ол өңірдің этномәдени мұрасымен және туристік инфрақұрылымымен танысты.
Алматыдан бөлек, Connor Алматы облысындағы танымал туристік бағыттарды да аралады. Автотур аясында ол Шарын шатқалында болып, Қазақстанның табиғи көрікті жерлері туралы фото және бейнематериалдар түсірді.
«Қазақстанның Туризм және спорт министрлігіне көрсеткен қолдауы үшін үлкен алғысымды білдіремін. Әсіресе, Талғатты ерекше атап өткім келеді. Ол Қазақстан бойынша бүкіл турды өте жақсы ұйымдастырып, жоспарлады. Соның арқасында сапар әлдеқайда жайлы әрі қызықты өтті. Ол өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайды және іске толықтай берілген. Кәсіби шаңғышы болмаса да, ол маршруттың барлық кезеңінде бізбен бірге жүріп, әрдайым жанымыздан табылды»,
– деп атап өтті блогер өз видеосында.
JQ-Aqparat

10 сәуiр, 23:03
"Народный юрист": жителям Астаны оказали бесплатную юридическую помощь
08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей