jasqazaq.kz

Автобуста зейнеткерді жақтаған қызға Алматы академиясына экскурсия ұйымдастырылды (Видео)

22 қыркүйек 2023, 14:22


Қоғамдық көлікте зейнеткерді жақтаған қызға ҚР ІІМ Алматы академиясына экскурсия ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жаннұр Нұржан оқу жылының басында Алматыдағы қоғамдық көлікте жасаған игі әрекетінің арқасында танымал болды. Сол кезде қыз бала тосап құмырасы сынып қалған зейнеткерге көмектесті. – Бұл әрекет жерлестерімізді, қала тұрғындарын бей-жай қалдырмады. Қыз баланың бұл әрекеті – жақсы тәрбие мен дұрыс өмірлік ұстанымдар өмір жолында игі істерге жетелейтінін көрсетті. Жаннұр – қалалық қаржы-экономикалық колледжінің 2-курс студенті. Біз оны ҚР ІІМ Алматы академиясына қонаққа шақырдық. Қыз гидті қызығушылықпен тыңдады, киберзертханаға барды және ведомстволық университет туралы маңызды тарихи деректерді білді, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.
– Маған бұл кездесу өте қатты ұнады. Колледжді бітірген соң ҚР ІІМ Алматы академиясына оқуға түсіп, қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін қызмет етемін деп ойлаймын, – деді Жаннұр Нұржан.

JQ-Aqparat

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң