jasqazaq.kz

Автобуста 2 мың доллары мен банк карточкасын ұрлатып алды

12 желтоқсан 2017, 10:41


Шымкентте қалта ұрлығын кәсіп еткен әйел зейнеткердің сөмкесінен 2 мың АҚШ доллары мен банк карточкаларын қолды етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, зейнеткердің полицияға жазған арызынан кейін ұрыны іздестіру жұмыстары басталған. Қария қоғамдық көлікте сөмкесіндегі әмиянынан айырылып қалғанын айтқан. Әмиянда 2 мың АҚШ доллары мен банк карточкалары болған.

Әл-Фараби полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде 1972 жылы туған әйелді ұстады.

Тергеу барысында оның ұрлыққа қатысы бары расталды. Ол әмиянда табылған пин-код арқылы карточкадан 600 мыңнан астам тенгені де шешіп алған. Ұрланған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі таңда аталған фактіге байланысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдіктінің өзге қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

25 шiлде, 19:51
Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға
25 шiлде, 18:40
Дина Тәжібай: Заманауи трансформатор энергия үнемдейді
25 шiлде, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң