jasqazaq.kz

Автобус жүргізушісі жолаушыға ақша толы сөмкесін қайтарды

31 қазан 2019, 12:09


Алматыда қыз бала ақша мен құнды заттар салған сөмкесін қоғамдық көлікте ұмыстып кеткен.

Алматы қаласының тұрғыны, 29 жастағы қыз № 38 автобуста жүргізуші отыратын жердің артындағы жәшікке сөмкесін қойып, ұұмытып кеткен. Қыз бала көліктің нөмірін білмеген, сондықтан тасымалдаушы компанияға хабарласқан. «Бізге автобустың мемлекеттік нөмірін табуға көмектесті, сосын № 4 автобус паркіне тиесілі жолаушылар көлігінің нөмірін берді. Соның нәтижесінде автобус жүргізушісімен хабарласып, жағдайды түсіндіріп, жүргізушіге сөмкені іздестіріп көруін сұрадық. Сөмкеде екі әмиян болған: біреуінде қомақты сома болды, ал екіншісінде құжаттар, банк карталары, жүргізуші куәлігі және бағалы заттар болған еді. Жүргізуші қайта хабарласып, сөмкені тауып алғанын айтып, қуантты. Кездескенімізде, сөмкеден ештеңе жоғалмағанына таңғалдық. Барлығы орнында! Ақшаны алып кеткен шығар деп ойладық. № 38 бағытында жүретін қоғамдық көліктің жүргізушісі Серікбай Бекмұратқа адамгершілігі үшін алғыс білдіргіміз келеді», — дейді жолаушы қыз. «Алматыэлектротранс» тасымалдаушы компания өкілдері жолаушылардың заттар жоғалған уақытта +7 708 630 1518 нөмірі бойынша WhatsApp call-орталығына хабарласуға болатынын айтты.

tengrinews.kz

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды