Қарағандыда қоғамдық көлік жүргізушілері арасындағы төбелесті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Қақтығысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Әлеуметтік желіде жүргізушілер төбелесінің видеосы тарады. Кадрда үш ер адам сөйлесіп тұрады, кейін олардың екеуі жұдырықтаса жөнелгені, үшіншісі ажыратуға тырысып жатқаны көрінеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары қоғамдық көлік қызметкерлерінің бұл әрекетін сынға алды. Олар әзілдеп төбелесіп жатқандар Конор МакГрегормен жекпе-жекке шықсын деп жазды.
Видеоға қатысты Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі пікір білдірді. Мемлекеттік мекеме бұл жазбаны көргендерін, видеоны зерттеп, оқиғаның мән-жайын, жанжалдың себебін анықтайтынын айтты.