jasqazaq.kz

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасын дисквалификациялау күшіне енді

21 қазан 2017, 10:58

2008 және 2012 жылдардағы олимпиада ойындарында допинг заңдылықтарын үш және одан да көп рет бұзған тоғыз құрама команданы жылдық дисквалификациялау күшіне енді, деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Олардың қатарында Қазақстан құрама командасы да бар. Әр федерация бұл шешімге 21 күн ішінде шағым беруіне болады. Үш және одан да көп тәртіп бұзушылықтар Армения, Әзербайжан, Беларусь, Молдава, Ресей, Түркия және Украина елдерінде де болды. Бұл командалардың барлығы дерлік Қазақстанмен қатар әлемдік ауыр атлетикада жоғары позицияға ие. Айта кетейік, 2016 жылдың қараша айының соңында Халықаралық олимпиада комитеті қазақстандық ауыр атлет Илья Илиннің допинг сараптамасынан тыйым салынған заттар табылғаннан кейін, 2008 және 2012 жылдардағы олимпиада ойындарында еншілеген алтын медальдарын қайтарып алған болатын. Сонымен қатар, қазақстандық зілтемірші Светлана Подопедова, Зульфия Чиншанло және Майя Манезалар да әртүрлі мерзімге 2012 жылғы Лондон олимпиадасынан алған алтын медальдарынан айырылып, түрлі мерзімге дисквалификацияланған еді.

26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс