jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ауылда жастар қалмады

22 тамыз 2016, 19:15
443

Нартай Ысқақов, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты:

Снимок

Ауылда жастар жоқ

 «Ауылда жастар жоқ. Ең жас дегені 40-45-те. Оларға қазір түк керек жоқ. Балаларын қалай оқытамыз деп алаңдап отырған адамдар. Өйткені, ауыл мектептері жабылып жатыр. Бастауыш мектеп болуы үшін 5 оқушыдан кем болмауы керек. Енді өзіңіз ойлап көріңіз. Қақаған қыста, бораған боранда кішкентай баланы күн сайын 15 шақырым жердегі көрші ауылға тасу оңай ма? Не оқу оқымайды, не ұйқысы қанбайды, не тамақ ішпейді. Еленовка ауылына көрші Қарағай ауылының балаларын таңғы алтыда алып кетеді. Оларды апарып тастап, екінші ауылдың балаларын сағат жетіден әкеледі. Сөйтіп, таңғы 6-7-де барған бала екі сабақ үшін кешке дейін жүреді сол мектепте. Соны білетін әке-шешесі баласын қаңғыртып қоя ма? Қалаға көшеді де кетеді. Ал, негізгі мектеп 41 баладан кем болса, бастауыш мектепке ауыстырады. Көкшетауға тиіп тұрған Дөңгілағаштың өзінде биыл 37 оқушы бар. Сол үшін мектептерін жабамыз деп жатыр. Мектеп жабылса, ауыл да көшеді.

Денсаулық сақтау саласыда мәз емес. Бір медбике стандарт бойынша 800 адамға қызмет ету керек. Біздің бір ауылда да 800 адам жоқ. Сол үшін ауылдардағы медпунктерді жабу керек дейді. Мектеп болмаса, алда-жалда ауырып қалсаң, емшара көрсетіп, екпе егетін медбике бомаса ондай жерде кім тұрақтайды?

Еуропаның кейбір елдерінде әр 3-4 шақырым сайын хуторлар бар. Айналасы екі-үш үй ғана отырып, мал шаруашылығымен айналысады. Өте қолайлы. Біздің ауылдар да сондай хуторлар ісептті ғой. Анау тұрған Биіктесін ауылын алайық. Малыңды шығарып, жайып жібер. Қандай рахат. Бірақ, олай болуы үшін ауыл мен екі ортадағы жолды қыс бойы тазаламаймыз. Қарға көміліп жатқаны. Осының бәрі ауылдардың құрып бітуіне алып барады. Біздің облыстық мәслихатта ауылшаруашылығы комиссиясы бар. Мен соның төрағасымын. Осы комиссияның іс-сапарымен Атбасар ауданының «Бастау» атты жауапкерлігі шектеулі серкітестігінде болдық. Ол облыс бойынша мал өсіруден көш басында тұр. Бірақ, ол жердің 1200 халқы бар болғанымен жекеменшік малы өте аз. Бүгін серіктестіктің шаруасын дөңгелетіп отырғанымен ертең ол серіктестіктің экономикасы тұралап қалса, халқы кедейшілікке ұрынады».

 

 

 

12 тамыз, 11:06
Қонаевтың қолын қысқан күн
05 тамыз, 11:03
Шераға қадір тұтқан ірі тұлғалар
15 шiлде, 12:01
«Сіз бай болсаңыз, біз кедейміз»
15 шiлде, 11:51
Wimbledon бізге де бұйырды!
15 шiлде, 11:25
Нан ауыз тисе жетті емес пе?!.
15 шiлде, 11:11
Ұшты, ұшты баға ұшты
15 шiлде, 11:04
«Ел аумағының қорғаны – әскери авиацияның қуатында»
08 шiлде, 11:57
Алғыр алпыс (немесе ғылыми емес баяндама)