Талғар полициясы Алматыда үйінен қашып кеткен мектеп оқушысын тауып, ата-анасына қайтарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер 15 қарашада Талғар аудандық ІІБ-не Бесағаш ауылында тұратын ерлі-зайыптының қызы жоғалып кеткені жайлы хабарлағанын айтты. ІІД мәліметінше, қыз бір тәулік бұрын жоғалып кеткен. Ата-анасының айтуынша, ол осыған дейін бұлай жасамаған. Осыған байланысты аудандық полициядағылар жоғалып кеткен мектеп оқушысын іздестіру жұмыстарын жүргізді. «Іздестіру щаралары барысында 15 жастағы мектеп оқушысы Алматыдағы ойын-сауық саябақтарының бірінен табылды. Қыз аман-есен, үйіне қайтарылды. Қыздың айтуынша, ол үйден іші пысқандықтан кетіп қалған», — деп хабарлады облыстық полицияның өкілдері.