jasqazaq.kz

Ауыл шаруашылығы саласында серпін бар

08 қараша 2017, 17:33

        Елбасы 2017 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында  «Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор. Көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола аламыз. Бұл, әсіресе, экологиялық таза тағамдарға қатысты. «Made in Kazakhstan» бренді сондай өнімдердің эталоны болуға тиіс»,- деп нақты айтты. Кешенді жұмысты атқару мақсатында еліміздің әр өңірінде түрлі шара қолға алынды. Соның бірі Шымкент қаласында  дәстүрлі халықаралық мамандандырылған AgriTek Shymkent’2017 ауыл шашуашылығы көрмесі. Бүгін бастау алған шара үш күнге созылады. «Көрме» орталығында үш күн бойына өтетін алтыншы халықаралық мамандандырылған көрменің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы саласында экономиканың жаңа драйверіне айналып келе жатқанын жеткізді.

Жансейіт Қансейітұлы «Бұл мемлекеттің қолдауы мен шаруалардың тынымсыз еңбегінің жемісі. Облыстың егін шаруашылығында заманауи технологияларды қолдану жұмысы қарқынды түрде жалғасып келеді. Мысалы, бүгінгі таңға облысымызды 2,8 мың гектар  қарқынды бау бар, олардың өнімділігі 29,0 мың гектар  басқа бауға қарағанда 1,5-2 есеге артық. Сонымен қатар, облыста 5 мың шаруашылыққа тиесілі 1,3 мың гектардан астам жылыжайлар оналасқанн. Оның 17-сі  автоматтандырылған өндірістік жылыжайлар санатына жатады. Бұдан бөлек, өңірде сүт бағытында жаңа технологияларды қолдану белсенді жүзеге асып жатыр. Соңғы үлгідегі заманауи қондырғылардың арқасында сиырдың әрбір басынан жылына 7 мың литрге дейін сүт алынады. Ал, цифрлық технологияны қолданудың нәтижесінде құс етін өндіру 5 есеге дейін артуда»,-деді.

Бүгінгі көрмеде Қазақстаннан бөлек, Оңтүстік Корея, Ресей, Түркия, Өзбекстан сынды шетелдік 50-ден астам компания өкілдері өз өнімдерін ұсынып отыр. Онда келушілер ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын, қосалқы бөлшектерді, суару және тыңайту технологияларын, жылыжайларды, тұқымдар мен екпелерді, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, мал шаруашылығына арналған технологияларды, ветеринарлық технологияларды көре алады.

«Мұндай көрмелердің тиімділігі мол. Ең бастысы – өндіруші компаниямен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік туады. Сондай-ақ, компаниялардың түрлі жеңілдіктерінен хабардар бола аламыз. Сондықтан осындай көрмелерді жиі-жиі ұйымдастырып отырған жергілікті билікке айтар алғысымыз шексіз»,- дейді «Амангелді» ЖШС-нің директоры Нұрлан Құралов.

Халықаралық көрмеде отандық және шетелдік компаниялар мен кәсіпорындар облыстың аграрлық саладағы жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, олармен іскерлік байланысты нығайтып, озық технологиялар туралы пайдалы мағлұматтар ала алады.

«Бүгінгі көрмені ұйымдастырудағы мақсатымыз – шаруа мен агротехника жасап шығаратын компаниялардың арасына алтын көпір болу. Осындай іс-шаралардың арқасында өңірімізде ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жатқан шаруалар соңғы үлгідегі технологиялардың тиімділігіне көре бастады. Агро салада қолданылатын техникаларымыз жыл санап жаңарып, өнім сапасы мен өнімділік көрсеткіштері де жақсарып отыр», — дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков.

Дәстүрге айналған AgriTek Shymkent – 2017 көрмесі Қазақстан мен шет мемлекеттердің аграрлық саладағы жетістіктерін одан әрі молайта түсетін болады. Айта кетейік, жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен өнім көлемін арттыру үшін биыл Оңтүстіктің шаруалары 900-ден астам ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алған.

Ақжол Қараспан

 

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы