Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсетіледі

12 шiлде 2023, 18:30

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласына қатысты кәсіпкерлік нысандарының саны 3000-нан асады. Бұл туралы Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Абунасыр Жанбатыров мәлімдеді. Оның айтуынша, мал, егін, бал, балық шаруашылығы бойынша барлығы 3247 кәсіпкерлік нысаны бар. Басқарма басшысы биыл жылы Шымкентте ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында қандай қолдау көрсетілгенін айтып берді.

Қала аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуші 45-тен астам кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың негізгі бағыты ұн, макарон, ірімшік, сары май, айран, шұжық, консерві өндіру. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін арттыру мақсатында биылғы жылы 3 сүтті қайта өңдеуші кәсіпорындар іске қосылады. Қазір «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» бағдарламасы арқылы сүтті қайта өңдеп қатты ірімшік пен сары май өндіруші 6 кәсіпорынға мемлекеттік қолдау көрсетіліп, жыл сайын өнімдердің қуаттылығы артты.

Сондай- ақ, Шымкент қаласының Қайнарбұлақ тұрғын алабы ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бойынша жалпы ауданы 132 гектар «Бозарық» тамақ өнеркәсібінің индустриялық аймағын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылатын индустриялық аймақтың инженерлік-инфрақұрылымдық желілерін биыл аяқтау жоспарлануда. «Бозарық» өндірістік аймағы іске қосылған жағдайда құны 18 млрд. теңгені құрайтын 27 инвестициялық жобалар жүзеге асатын болады.

Шымкент қаласының өндірістік қуаты негізінен 5 өнеркәсіптік аймақта шоғырланған. Бұл аймақтарда жалпы 230-ға жуық инвестициялық жоба жүзеге асуда. Қазірдің өзінде 14 мыңдай тұрақты жұмыс орны құрылған. Қалаға келіп, жаңа кәсіпорындар ашуға ниетті инвесторлардың көп болуына байланысты, жоғарыда айтқанымыздай, «Жұлдыз», «Бозарық» және «Стандарт» атты жаңа индустриалды аймақтар құру бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Одан бөлек, Президент тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласындағы көлік-логистикалық орталығын Қазақстанның бүкіл оңтүстік өңірінің логистикалық хабына айналдыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Жалпы, Шымкент қаласының әкімдігі алдағы бесжылдықта қала экономикасына 6 триллион теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр.

Мерей Әлімбек

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды