jasqazaq.kz

«Ауыл әкімі аяғымды күрекпен ұрып сындырды» деген тұрғын жұрттан араша сұрады (видео)

24 қараша 2017, 20:59

«Ауыл әкімі аяғымды күрекпен ұрып сындырды. Қазір бізді келіп қорқытуын тоқтатар емес. Шенеунікке ешқандай заң жоқ па?» деп күйінген тұрғындар видеоүндеу жолдап, көпшіліктен араша сұрады.

Видеода ОҚО-ның Түлкібас ауданындағы Ақсу-Жабағылы ауылының Асқар Қойлыбаев есімді тұрғыны өзін Майлыкент ауылдық округінің әкімі Келесбек Жартыбаевтың соққыға жыққанын, содан бері әлі де қорқытып-үркітетіндерін баяндайды.

«Куәгерлерді ұруға дейін барады. Бәрін қорқытумен, үркітумен келе жатыр. Не істерімізді білмейміз. Бізге көмектесіп, қол ұшын беріп, біздің әділдікке жетуімізге көмектесулеріңізді сіздерден сұраймыз», — деген шағымданушылар видеода болған жайтты бастан-аяқ айтып береді.

Кісі қолынан соққыға жығылып, аяғы сынып, төсектен тұра алмай жатқан Асқар Қойлыбаевтың сөзінше, оқиға 5 қараша күні болған. Ол сол күні кешкісін ескі үйіне барып, қалып қойған ұсақ-түйек заттарын алмақшы болған екен.

«Сонда үйдің иесі Жартыбаев Келестің қарындасы «бұл үйді маған Келес әперген, ештеңе бермеймін» деп айтты. «Келесті шақырыңыз» деген едім. Келес келді дағыны «әй-шайға қараған жоқ, мені «кімсің күшік» деп балағаттап, оң көз қабағымнан ұрды. Баласы келіп, артымнан ұстап қалды. Мен жұлқынғанда, күректі алып, сабы қысқа үшкір күрекпен, аяғымнан ұрды. Сол кезде порт деген дыбыс естілді. Баласы мені артқа қарай лақтырды. Күйеу баласы келіп, баласы екеуі мені тепкіледі. Сонда Келес Жартыбаев «көшеге шығарып тастаңдар мына иттің баласын» деп балағаттап, күйеу баласы сүйреді. Баласы тепті. Сөйтіп көшеге шығарып тастады», — дейді аяғы сынған тұрғын.

Соққыға жығылған Асқар Қойлыбаевтың қарындасы Айнұр Қойлыбаеваның айтуынша, енді ағасы екі жылдай жүре алмайды. Қазір қан қысымы түспей жатыр екен.

«Қазіргі таңда олар бізге доқ көрсетуде. Бізді қорқытады. «Экспертизаны сатып аламыз» дейді. Көршісін жібереді. Куәгер болған қария кісіге баласы келіп: «сен неге свидетель боласың» деп ұруға дейін барыпты. Ауылдың участковойы соның туысы болып келеді. Сол свидетельдерге «Сендердің жағдайларыңды Жақсыбаев Келес жасап береді» деген агитация жүргізіп жатыр» (видеодағы сөз қаз-қалпында беріліп отыр – ред.) деп ашынады», — Айнұр.

NUR.KZ тілшісі осы оқиғаға қатысты Майлыкент ауылдық округінің әкімі Келесбек Жартыбаевтың пікірін білмек болып, Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне хабарласқан еді. Алайда аудан хатшысы жауап бермеді.

Еске салсақ, бұған дейін «Оңтүстік Қазақстанда әкім ауылдасын соққыға жықты» деп айыпталып жатқаны жөнінде ақпарат тараған. Екі рет облыстық мәслихаттың депутаты болған ауыл әкімі Келесбек Жартыбаев бұл жайтты жала деп, кінәсін мойындамаған.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті