jasqazaq.kz

Аурухананың төбесі опырылып науқастың басына құлап түскен (видео)

11 желтоқсан 2017, 14:39

Қызылордадағы су жаңа балалар ауруханасының төбесі түсіп кетті. Оқыс оқиға демалыс күндері бесінші қабатта орналасқан пульмонология бөлімінде орын алған. Бұл туралы NUR.KZ порталына емделушілер айтып берді.

«Кешке таман көрші палатада тарсылдаған дыбыс шыққан соң жүгіріп барсақ, төбедегі сылақ опырылып бір әйелдің басына түскен. Құдай сақтағанда бес айлық баласы аман. Дереу дәрігерлер келіп, зардап шеккен келіншекті басқа жаққа алып кетті. Біз қорқып ауруханадан шығып кеттік» ,- дейді атын айтудан бас тартқан куәгер.

Облыстық балалар ауруханасы болған жәйтті растады. Әкімшіліктің айтуынша, аурухана 2016 жылдың желтоқсан айында ғана қолданысқа берілген су жаңа ғимарат екен.

— Келіншек төсек астынан баласының заттарын алайын деп еңкейген кезде төбедегі сылақ опырылып мойнына түскен. Абырой болғанда баласы дін аман. Зардап шегушіні дереу толық тексеруден өткіздік, ауыр жарақат алмапты. Қазір біз бесінші қабаттағы осында төбесінің сылағы түскелі тұрған үш палатаны анықтап, есіктеріне құлпы салып қойдық. Аурухана басшығылы құрылыс компаниясының өкілдерін шақырып жөндеу жұмыстарымен келісіп жатыр ,- деді пульмонология бөлімінің меңгерушісі Ақмарал Төлебекқызы.

Куәгерлер жіберген видео.

25 шiлде, 19:51
Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға
25 шiлде, 18:40
Дина Тәжібай: Заманауи трансформатор энергия үнемдейді
25 шiлде, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң