jasqazaq.kz

Әуелі іс, сөз содан кейін

21 ақпан 2020, 13:31

Геологтар дабыл қақты. Жаңа кен орындарын тауып іске қоспаса, қазба байлығымыз 10-15 жылдан соң сарқылады екен. Әсіресе, мыс пен мырыштың қоры азайыпты. Бұл тіршілігі сол шикізатты өндіретін немесе өңдейтін алып кәсіпорындармен тікелей байланысты шағын қалаларды алаңдатпай қоймайды. Сондықтан мамандар жеңіл өнеркәсіп секілді тасада қалған геология жүйесін жандандыруды сұрайды. «Қара алтын» кеніштерінің қайсыбірі «қартайғаны» мәлім. Осыны ескерген ұлттық компаниямыз (ҚазМұнайГаз) жаңа кен орындарында геологиялық барлауға және өндірістің тиімді тәсілдерін енгізуге айрықша назар аударып отыр. Нәтижесі де жаман емес. Өткен жылы ел тарихында тұңғыш рет 90 млн тонна қара май өндірілді. Отандық мұнай өнімдері өндірісі дұрыс жолға қойылып, жыл сайын көктем мен күзде қайталанатын «бензин безгегінен» құтылдық.
Қазба байлықтың өзге түрлеріне де осындай көзқарас керек боп тұр. Себебі, шикізаттың түбі бір таусылатыны немесе базардағы бағаның құбылмалы екені әркімге белгілі. Түрлі түсті металды сол күйінде шетелге жөнелте бермей, өзімізде кәдеге жаратып, тым құрығанда, ыдыс-аяқ жасайтын кішігірім кәсіпорын салынғанда Қытай базарына жүгірмес едік. Орта дәулеттілер көбейіп, жұмыс орындары ашылар еді. Экономиканы диверсификациялауға (әртараптандыру) кіріскен едік біраз жыл бұрын. Қарапайым заттар шығаруды қолға алмақшы еді үкіметіміз. Еңбек адамын, кәсіп етіп, нәсібін көргендерді дәріптеу керектігін айта бастап едік. Бірақ бүгінгі әңгімеміз демократия, хайпшыл популизм, әлеуметтік желі төңірегінен аспай жүр. Карл Маркс сананы тұрмыс билейтінін тап басып айтқан. Мықты деген мемлекеттің бәрінде алдымен экономика, содан кейін демократия. Америка мен Еуропаның қуатты экономика арқасында ғана демократия отанына айналғаны әмбеге аян.
Қазба байлығы жуық арада сарқылмайтындар жайбарақат отырған жоқ. Мұнайға бай араб елдері әлемдік туризм орталықтарының біріне айналып келеді. Қаржыны орынды жұмсап, спорт ғимараттары мен демалыс орындарын ашып жатыр. Тіпті, қар әкеліп, сырғанаушыларға жағдай жасап қойған. Алысқа бармай-ақ қояйық, терістік көршіміз ішкі туризмді көсегесін көгертіп отыр. Мұны жуырда Сочиде өз көзімізбен көрдік. Алпауыт компаниялар мен ірі кәсіпкерлердің қаржысына Олимпиадаға деп қысқы спорт нысандары салынды. Қазір Ресейдің түкпір-түкпірінен шаңғы тебу үшін сол маңға ағылған демалушыларда есеп жоқ. Көбі Сібірдегі кәсіпорындардағы кәсіподақтың арзан жолдамасымен келген жұмысшылар. Жазда Қара теңізге шомылуға келетіндер бұдан көп көрінеді. Қазба байлығы жоқ Грузияда соңғы 25 жылда 3 тау шаңғысы орталығы ашылды. Бәрі мемлекет қаржысына салынған. Демократияшыл грузиндер «Табиғат жойылды» деп аттан салып, көшеге шықпады. Қысқы туризм қазынаға табыс әкелетін маңызды секторға айналды. Ал біз әлі күнге дейін Көкжайлаудан үркіп жүрміз…

Срайыл Смайыл

18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды