jasqazaq.kz

Ауданда әлеуметтік көмек алушы аналар саны азайған

20 тамыз 2022, 15:15

Шымкент қаласына іс-сапармен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Б.Бекжанов, Б.Оспанов және Ф.Қаратаев Әл-Фараби аудандық жұмыспен қамту орталығының тыныс-тіршілігімен танысып, қызметкерлерімен кездесті.

Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, оның орынбасары М.Қалмұратов және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова қатысты.

Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдем көрсетеді, жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асырады. Сондай-ақ бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырып, кәсіптік бағдар беруді жүргізеді. Шымкент қалалық ұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекованың айтуынша, аудандық орталықта бүгінде 20 қызметкер қала тұрғыдарына қызмет көрсетуде. Мегаполис статусын алғалы қаладағы төрт ауданда аудандық жұмыспен қамту орталықтары ашылып, осы бағытта шараларды іске асырып келеді. Орталыққа 18 жастан бастап зейнеткер жасына дейінгі қаламыздың жұмыссыз азаматтары келіп, жүгінуге құқылы.

— Бүгін біз жұыспен қамту орталығының қызметі мен атқарылған жұмыстар бойынша біраз мағлұмат алдық. Сапарымыздың негізгі мақсаты «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «AMANAT» партиясының 2021 – 2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасын тиімді жүзеге асыру мәселелерін пысықтау, қадағалау. Мәселен, биыл алғашқы алты айда Әл-Фараби ауданына қарасты 1400-ге жуық әйелге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалса, былтыр осы аралықта аталмыш жәрдемақыны 2500 әйел алған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда табысы төмен отбасылардың қатары азайғанын білдіреді. Аталмыш орталық еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастырыпп келеді. Сонымен қатар, жұмыс берушілер азаматтардың бөлек санаттарын (жетім балалар, мүгедектер, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар) жұмыспен қамту үшін квотаны орындайды, — деді Мәжіліс депутаты Берік Бекжанов.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті