«Kesh You» тобынан бірінші Ақбота, екінші Жұлдыз кетті. Енді бұрынғы құрамнан қалғаны — Балжан. Оның әлеуметтік желісінен белгісіз жігіттің суретін көрген оқырмандар әншіні топтан кеткелі жүр деп топшылаған. Бұл жайында «НТК» арнасына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.
Ал «KeshҮou-лік» ару: «Ол досым ғой. Біз бірге тауға барғанбыз, достарымызбен. Сол кезде түскен сурет болу керек», — деді.
Жас күнінде «тұрмысқа шықсам» деп армандаған Балжан Бидаш бүгінде тып-тыныш жүргенді артық көреді екен.
«Шынымды айтсам бар ғой, бұрын мына жаста шыққым келеді. Мына уақытта шыққым келеді деп айтатынмын. Қазір жанымдағы оқиғаларға қарап, олай да айта алмаймын. Сондықтан, тып-тыныш жүре берген артық. Бір күні басыңа сап етіп келер, сол бір тағдыр», — деп аяқтады сөзін ол.
Сондай-ақ, топтағы Элизат Беркова мен Назым Әбілдина да тұрмысқа шығуға асықпайды екен.
Әнші қыздар келісімшарт аяқталғаннан кейін ғана жеке өміріне мән бермекші.
Айта кетейік, топ мүшелерінің Баян Мақсатқызымен жасаған келісімшарттары 2021 жылға дейін жарамды.