jasqazaq.kz

Атыраудың екі тұрғыны «селфидің» құрбаны болды

16 мамыр 2016, 14:16

a03ca31538776a95652871566d582d37_XL

Оқиға кешегі сенбіден жексенбіге қараған түні қала іргесіндегі Бесікті елдімекенінде орын алған. Қолдан жасалған қайыққа отырған төрт жігіт өзен ортасына барып суретке түспек болғанында қайықтары аударылып кетіпті. Екеуі жағаға өздігімен жүзіп шықса, құтқарушылар қалған екеуінің ағып кеткенін айтып отыр деп жазады Informburo.kz. Бұл жайында Батыс өңірлік аэромобильді жедел құтқару отрядының басшысы Бақтияр Қадырханов мәлімдеген.

«Тірі қалған жігіттердің айтуынша, батып кеткен Бірлік ауылының 1992 және 1981 жылы туған екі тұрғыны. Олар сенбі күні кешке төртеуі өзен жағасына барып демалуды ұйғарған. Спирттік ішімдік ішіп, түнде қолдан жасалған қайықпен өзеннің орта тұсына дейін барған. Сол жерде қайықтары аударылып қалыпты», — дейді Б.Қадырханов.

Құтқарушыларға ақпарат түнгі екілер шамасында келіп түскен. Таң ата ағып кеткен екі жігіттің денесін іздеу жұмыстары басталды.

sn.kz

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады