
Атыраудағы қанды қылмысқа қатысы болуы мүмкін күдікті Ақбаян Мұқанғалиева арнайы сараптамадан өтіп жатыр. Бұл туралы ішкі ісетр министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты.
Вице-министр: «Мұқанғалиева психиатриялық ауруханаға орналастырылды. Оған психологиялық-психиатриялық стационарлық кешенді сараптама жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындауға күдіктінің мінез-құлқы мен бастапқы жауабы негіз болды», — деді.
Сондай-ақ ол бұл істе Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиевадан басқа күдіктілер жоқ екенін растады.
JQ-Aqparat
Фото: Атырау полициясы