jasqazaq.kz

Атырауда төрт қыз бен жігіттің төбелесі неден шыққаны анықталды (видео)

17 қазан 2017, 16:32

Атырауда төрт қыз бен жігіттің төбелесі неден шыққаны анықталды, — деп хабарлайды «Мой город» басылымына сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлады.

Атырау облыстық ІІД өкілдерінің хабарына қарағанда, видеодағы ер адам Қызылқоға ауданының Миялы ауылының тұрғыны екен, ол таңғы уақытта «Молекула» диско-барына келген. Онымен төбелескен қыздардың жасы 26, 25, 20 және 18-де екен. Ең қызығы, төбелестен жігіт жәбірленуші болып танылыпты. Қыздар полицияға берген түсінігінде екі қыз болып, кафеге барғанын айтқан. Сосын бардың алдында оларды тағы екі құрбысы күтіп тұрған. «Олар диско-барға келгенде екі жігіт төбелесіп жатқан, солардың бірі әлгі төрт қыздың біріне тиіп кетіп, қыз жерге құлаған. Мұны көрген үш қыз төбелескен жігіттердің бірінен өш алмақ болып, жанжал басталған. Сосын бұл төбелес көшеде жалғасқан», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталыпты. Мұның алдында Желіде төрт қыз бен бір жігіттің төбелескені түсірілген видео пайда болған еді. Видеодан қыздардың бірінің алкоголь шөлмегін жігіттің басынан ұрып жарғаны көруге болады.

 

 

Куда катится этот мир‍♂ #Казахстан | #zello_atyrau

Публикация от АТЫРАУ АВТО СООБЩЕСТВО#️⃣1️⃣ (@zello_atyrau)

Бүгін, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті