jasqazaq.kz

Атырауда Антикордың ұсынысымен 46 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

20 қазан 2022, 15:11


Атырауда Антикордың ұсынысымен 46 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахинның айтуынша, жыл басынан бері тәртіптік жауапқа 46 адам тартылған. Оның 3-і жұмыстан шығарылған.

«Біздің департамент қылмыстық істерді тергеп-тексеру нәтижелерімен тиісті ұсыныстар енгізеді. Биылғы 9 айда 42 ұсыныс енгізілді. Оның көпшілігі әкімдіктерге, құрылымдық бөлімшелеріне (19), ішкі істер органдарына (17) және басқа да мемлекеттік құрылымдарға (6) жіберілді. Басшылардан қарамағындағылардың заңсыз әрекеттері үшін жауапкершілік сұралатынын ескеру қажет. Мәселен, Атырау қалалық полиция басқармасының басшылары қарамағындағылардың қызметіне бақылау жүргізбегеніне байланысты тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы атқаратын лауазымына толық сәйкес еместігі туралы ескертілді. Ал, ювеналды полиция бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы аға инспектор лауазымын учаскелік инспекторға дейін төмендетті», — дейді Нұрлан Жахин.

Оның айтуынша, Атырау қалалық полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы пара бопсалау дерегімен 3 млн теңге айыппұл жазасына сотталған.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті