Атырауда 20 тоннаға жуық прекурсор тәркіленді

27 шiлде 2023, 14:49

Атыраудағы мұнай өңдеу мекемелерінен 20 тоннаға жуық прекурсор тәркіленді. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде мұнай өңдеу мекемелерінің зертханалары тексерілген.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарламасында: «Аталған іс-шараны өткізудегі мақсат – есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау, бақылаудағы заттардың заңсыз саудасының жолын кесу. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкелері Атырау қаласындағы ірі мұнай өңдеу мекемелерінің лабораторияларына тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру нәтижесінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс талабын бұзған бірнеше дерек анықталды. Мәселен, 464-бабы (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын бұзу, оның iшiнде лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеу) 2 мәрте, 426-бабы (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) 1 және 427-бабы (Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу) 2 рет бұзылған. Сондай-ақ Атырау қаласындағы ірі мұнай өңдеу мекемелерінен 20 тоннаға жуық прекурсор тәркіленді. Осыған байланысты құжаттар жинақталып, сараптама тағайындалды», — деп жазылған.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды