jasqazaq.kz

Атырауда 2 трансгендер АИТВ-ны қасақана жұқтырды деген күдікпен қамауға алынды

Бүгін, 11:27

Атырау қаласында 23 және 28 жастағы екі азамат ұсталды. Олар 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап өздерінде АИТВ инфекциясының бар екенін біле тұра, арнайы медициналық есепте тұрғанына қарамастан, трансгендерлер  ретінде ақылы интимдік қызмет көрсетуді жалғастырған, деп хабарлайды jasqazaq.kz облыстық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел іс-шаралар Атырау облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жүргізілді.
Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамалды.

Аталған дерек бойынша өзінде бұл аурудың бар екенін біле тұра, басқа адамға АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіру — ауыр қылмыс болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мұндай әрекеттер үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, жәбірленушілер анықталуда. Әрбір дерекке құқықтық баға беріледі. Әрбір кінәлі тұлға заң алдында толық жауап береді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады