Атырау мұнай өңдеу зауытында ЭЛОУ АВТ-3 блогының құбыр желісі өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өрт ЭЛОУ АВТ-3 қондырғысы орнатылған цехтардың бірінде болған. Құбырлар желісінен шыққан жалын 10 шаршы метр аумаққа жайылды»,- деп жазылған ведомство таратқан хабарламада. ТЖД мамандарының мәліметінше, зауыттағы өрт туралы хабар, кезекші пультке 11 желтоқсан күні 9.57-де түсіп, сағат 10.30-де тілсіз жау толық ауыздықталған. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. ЭЛОУ-АВТ-3 қондырғысы пайдалануға 1969 жылы берілген болатын. Бірнеше мәрте жаңаланған қондырғының көмегімен уайт-спирт, реактивті және дизел отындары, мазут, вакуумдық газойль, гудрон жасалады. Атыраудағы жанар-жағармай өндіру жұмыстарына өрттің қаншалықты әсер еткені туралы әзірге айтылған жоқ.