jasqazaq.kz

Қатыгез келіншектің соты жабық өтеді

08 қараша 2016, 17:01

20161108153451

Бүгін Алматыда кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өз қызын ұрып-соқты деп айыпталып отырған Әсел Төрежігітке қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы жабық түрде өтті.

Бүгін сот талқылауына сотталушы Әсел Төрежігіт жарты сағатқа кешігіп келді. Сотқа көрсеткен құрметсіздігі үшін келесі жолы әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны ескертілді. Сот талқылауында істі қараушы судья Айнұр Баймурзина Алматы қаласы Қамқорлық органдарының өтінім хаты негізінде сот отырысын жабық өткізу туралы шешім шығарды. Айта кетейік, Әсел Төрежігітке қатысты ҚР ҚПК 140-бабы 2-бөлімі бойынша (кәмелет жасқа толмағанға қатысты заң бұзу) қылмыстық іс қозғалған. Бұған дейінгі сот отырысында айыпталушы Әсел Төрежігіт адвокат жалдайтынын айтып, сотты кейінге қалдыруды өтінген болатын. Алдайда, бүгінгі сот отырысында ол адвокатпен толық келісімге келе алмағанын айтып, сот талқылауын тағы да кейінге қалдыруды сұрады. Бұған келіспеген прокурор Сағындықов және Қамқорлық органы өкілі куәлерді сұрауды өтінді. Судья Айнұр Баймурзина айыпталушыға енді мемлекет тарапынан адвокат берілетінін айтып, бүгін нақты іс бойынша сот талқылауын бастайтынын айтты. Еске сала кетейік, қазан айының ортасында Алматы полицейлері шешесі аямай сабаған 9 жасар қызды арашалап қалған болатын.

ҚазАқпарат

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету