jasqazaq.kz

Аттестациядан сүрінбей өту үшін мұғалімдерден ақша жинаған

24 қазан 2017, 12:59

Жамбыл облысының Шу ауданында орта мектеп директоры қызметін асыра пайдаланғаны үшін 1 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аудандық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шу аудандық соты білім ордасының басшысы С.Л.-ға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы («Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану») 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғаған. Іс материалдарына қарағанда, аудандық орта мектептің директоры С.Л. қол астындағы қызметкерлерге 2017 жылдың қаңтар айында мемлекеттік аттестацияны өткізу үшін мектепке Жамбыл облысы білім саласын бақылау департаментінен комиссия келетінін айтқан. Сонымен қатар С.Л. аттестаттаудан сүрінбей өту үшін әрбір педагогтан 30 мың теңге, техникалық қызметкерлерден 9 мың теңгеден ақша жинауды талап еткен. Бұл әрекетімен ол жәбірленушілерге жалпы 270 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірген. Мектеп басшысы сот отырысында өз кінәсін мойындамады. Соттың үкімімен С.Л. айыпты деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Бүгін, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс