jasqazaq.kz

Қатыгез ене, қорғансыз келін

26 қазан 2016, 15:37

snimok

Шымкентте достары мен таныстары 33 жастағы Гүлнәр Баелованың дені сау екенін айтып, психоневрологиялық диспансерден шығаруға тырысып жатыр.

Олар Гүлнәрдің енесінің кесірінен жындыханаға жабылғанын айтады. Енесі келінін эпилепсиямен ауырады деп емханаға жатқызған. Оның бұл әрекетіне келіні алатын зейнетақы себеп болса керек.

Гүлнәрдің дене бойындағы көгерген іздерді көршісі байқап қалып сұрағанда, ол енесінің ұратынын айтқан. Кейіннен енесінің оның атына құжат дайындап, 6 жасар қызын өз қарауына жаздырып алғанын айтыпты.

Көршісі Наталья Гүлнәрді енесінің ұратынын, түнгі уақытта тұрғызып алып, бауырсақ пісір не тамақ жаса деп дау шығаратынын айтады.

Көршілері Гүлнәрдің еңбекқор екенін айтады. 1 жарым ай бұрын келінін күштеп емханаға апарыпты. Гүлнәр балалар үйінде өскен соң, оның қарайласатын басқа ешкімі жоқ.

«Туысқаны 10-ы күні алып кетем деген. Бірнеше рет хабарласып едім, телефоны өшіп тұр. Мен оның енесін тек бір рет қана көргем», – дейді облыстық диспансердің дәрігері Зүлфия Қалиева. Ал  енесі келінін алып кетпейтінін айтады.

«Ол түске дейін ұйықтайды. Эпилепсиямен ауырады, психологиялық тұрғыда дені сау емес. Ол мені ұрып, қызын тепкіледі. Сонда да мен ол ақымақты кешірген едім», – дейді енесі.
Алайда көршілері келінінің дені дұрыс екенін дәлелдеуге тырысуда. 5 көршісі қолхат жазып, оның ақыл-есі дұрыстығы жөнінде қол қойған.

Мамандар еріктілердің сот арқылы әйелді қарамағына алуына, сонда ғана әйелді қайталап тексеруден өткізе алатынын айтады.

stan.kz

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету