jasqazaq.kz

Атажұртты аңсау

24 қараша 2017, 15:54

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы көтерілген игі бастамаларды жүзеге асыру мақсатында облыстық Қазақстан Халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Атажұртты аңсау» атты форум өтті.
Достық үйінде орын алған бұл игі шараны облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай ашып, жүргізіп отырды. Ол әуелі форумның мақсаты мен міндетін баяндап, қандас ағайынның бүгінгі жай-күйіне тоқталды. Сонымен қатар, руханиятымызға қосар үлесін, ел көшінің оңалуына тигізер септігін тілге тиек етіп, аталмыш жиын жыл сайын еліміздің шекаралы аймақтарында өтіп келгенін және биыл бірінші рет облыс орталығында орын алғанын хабарлады.
Форумның алғашқы сөзін алған Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Алматы облыстық филиалының меңгерушісі Дамир Жайнақов:
– Жанқалтасындағы ақ шүберекке түйілген бір шөкім топырақты тұмардай қастерлеп өткен жандар Отанға деген перзенттік сезімін ел егемендігін алған шақта көрсетті. «Аспанына азаттықтың құсы қалықтады, жас елдің уығын шаншысайын» деп алыстағы ағайын қасиетті мекенге ат басын бұрды. Бүгінде солардың саны миллионнан асса, облысымызда 200 мыңнан астам оралман тірлік кешуде, – деп тебірене келе, оралмандардың жетістігі мен жеңісіне тоқталды.
Өз кезегінде сөз алған облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдар Башбаев латын әліпбиіне қатысты пікірін білдірсе, облыстық мемлекеттік қызмет, банк және әлеуметтік сала қызметкерлері салалық кәсіподағы басшысының орынбасары, Талғар аудандық мәслихат депутаты Әбдіғали Бәзілхан, Алматы облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі, Дүниежүзі қазақтарының V қрылтайының делегаты Қажет Андас билік тарапынан көрсетіліп жатқан көмектің арқасында елдің елеулісі болғанына шексіз қуанышты екендігін және Қазақстанның өркендеуі жолында күш-қайратын аянбай жұмсайтындығын тебірене жеткізді.
Форум барысында сөз алған зиялы қауым ел ертеңі, Қазақстанның келешегі үшін тынбай тер төгетіндігін алға тартып, оралмандарға қатысты мәселелерді жан-жақты баян етті. Сонымен қатар, «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген даналықты ту еткендігіне дән риза екендіктерін жеткізді. Шара соңында облысмыздың өнерпаздары мен этнос өкілдері концерттік бағдарлама ұсынып, шара қонақтарының алғысын арқалады.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті