jasqazaq.kz

«Atamnyn Amanaty» ұйымының сенімді серіктесі

20 мамыр 2025, 11:22

Қорғаныс министрлігіне қарасты Әскери-техникалық мектеп алты жылдан бері «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің сенімді серіктесі болып табылады. Естеріңізге сала кетейік, «Atamnyn Amanaty» Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтарды (олардың жалпы саны 271 мыңнан астам адам) іздестіру жұмыстарымен жүйелі түрде айналысады.


Ынтымақтастық туралы меорандумға сәйкес әскери-техникалық мектептің курсанттары бізден із-түзсіз кеткен майдангерлердің тізімін алып, туған күні мен жылы, әскери қызметке шақырылған жері және тағы басқа да мәліметтерді салыстырып тексереді. Сол арқылы олардың туыстарының тезірек табылуына септігін тигізеді. Сүйектері туған жерге жеткізілген боздақтарды әскери құрметпен қайта жерлеу жөніндегі іс-шараларға белсене қатысады.


Қызылорда және Орал филиалдарының әскери-патриоттық тәрбие бөлімдерінің басшылары Қайыргелді Баймаханов пен Манарбек Кадисов бірнеше мәрте Калуга облысы аумағында «Батыс майдан. Варшава тас жолы» халықаралық әскери-тарихи экспедициясының іздестіру жұмыстарына қатысты.
Өздеріңіз білетіндей, жау Мәскеуге жақындағанда қазақстандық құрамалар ерекше ерлікпен шайқасты. Бұл Малоярославец бағытында эшолоннн түсе сала шайқасқа кіріскен соң Қызыл Тулы атағын алған 238-ші Семейлік, 312-ші Ақтөбелік атқыштар дивизиялары. Үлкен шығындарға ұшырағанына қарамастан олар Вермахттың моторлы күштерінің Мәскеуге қарай тез жылжуын баяулата алды. Калуга және Тула бағыттарын 387-ші Ақмолалық атқыштар дивизиясы қорғаған. Ал Волоколамск бағытында Қызыл Армияда өшпес ерлік көрсетіп, ерекше мәртебеге ие болған Алматыда құрылған 316-шы, кейіннен генерал И.В. Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясынын тарихтан алар орыны ерекше.


Біздің халқымыз: «Өлі риза болмай – тірі байымайды» дейді. Әскери-техникалық мектептің іздестіру жұмысына қатысуы өскелең ұрпақты бойында Отанға деген патриотизм мен сүйіспеншілік сезімін қалыптастырады.
ҚР ҚМ ӘТШ Бас директорының орынбасары-отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов «Atamnyn Amanaty» ҚБ Бақылау кеңесінің мүшесі болып табылады. Төменде тығыз ынтымақтастықта бірлесе атқарған бірқатар жұмыстарға тоқталғым келеді. 2022 жылдың жазында халықаралық әскери-тарихи экспедицияның жұмысына қатысып, бізбен бірге 387-ші Ақмола атқыштар дивизиясының жауынгерлері жерленген Ульяновск ауданындағы бауырлас зиратында ескерткіш белгі орнатып қайтты.
Ресей іздеу қозғалысының және Волгоград қаласы әкімшілігінің шақыруымен Сталинград шайқасының 80 жылдығына арналған іс-шарада болдық. Мұнда біз генерал Шарль де Голльдің немересі Пьермен кездестік. Ол да Сталинградті қаһармандықпен қорғаға жауынгерлерін еске алуға келген екен.
Қазақстандықтар Сталинград майданында өзлерін өпес даңққа бөледі. Оның ішінде Алматыда құрылған 38-ші, Ақмолада құрылған 29-шы және 387-ші атқыштар дивизиялары, 74-ші Ақтөбе теңіз бригадасының базасында қайта құрылған 292-ші атқыштар, 81-ші Жамбыл атты әскер дивизиясы, Ақтөбе жасақталған, кейіннен Молодечный атағын алған 129-шы миномет полкі және астана мен Алматы облысының әскери міндетті құрылыс мамандарынан құрылған 156-шы механикаландырылған көпір салу батальоны бар.
«Мамаев қорғаны» мемориалдық кешеніне, Батырлар аллеясына бардық, онда гранит стелаларға Кеңес Одағының 127 батырының есімдері ойып жазылған. Онда Қазақстанның тумалары Нүркен Әбдіров, Тимофей Позолотин, Гаяз Рамаев және Қарсыбай Сыпатаев та бар.
2024 жылдың тамызында 310-шы дивизия жауынгерлерінің ұрпақтарымен бірге Новгородты неміс-фашист басқыншыларынан азат етудің 80 жылдығына орай «Волхов майданының Батырлары жолымен» атты іздестіру мемориалдық жорығына қатыстық.
Қаланы азат етуге Ақмолада құрылған 310-шы атқыштар дивизиясы қатысқаны белгілі. Құраманың 40 пайызы қазақтардан, 30-ы орыстардан құралған, қалған жеке құрамды республиканың басқа ұлт өкілдерінен құралған еді.
Қолбасшылықтың тапсырмаларын сәтті орындағаны және жаппай ерлігі үшін 1944 жылғы 21 қаңтарда дивизияға «Новгородтық» құрметті атауы берілді, кейіннен Ленин және Қызыл Ту ордендерімен марапатталды.
Ресейдің іздеушілері сүйегі далалық қазба жқмыстары кезінде табылған 310-дивизияның сержанты қазақстандық Игнатий Кравченконың солдат медалонын берді.. Новгородтан оралғаннан кейін 310-шы атқыштар дивизиясының Жауынгерлік Туының көшірмесін және Кравченконың медальонын ҚР Қарулы Күштерінің әскери-тарихи мұражайына табыс еттік.
Әскери-техникалық мектеп бізбен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, осылайша Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандық батырлардың ерліктеріне тағзым етіп, патриоттық бағыттағы іс-шараларға белсене қатысуда. Құрылғанына ширек ғасыр толып отырған ұжымға үлкен табыс тілей отырып, алдағы уақытта да еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға үлес қоса береді деген сенім білдіреміз.

Мұрат Молдағалиев,
«Atamnyn Amanaty» ҚБ Басқарма төрағасы

10 сәуiр, 23:03
"Народный юрист": жителям Астаны оказали бесплатную юридическую помощь
08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей