jasqazaq.kz

Асырап алатынын білген жетім қыздың қуанышы жұртты жылатты (видео)

12 қазан 2017, 17:27

Жетімнің мұңын жетім ғана түсінер! Желіде балалар үйінде өскен жаңа отбасы туралы білген 11 жасар қыздың қуанышты сәті жарияланды. Бірнеше секундтық кадр әлем халықтарының назарына ілікті. Бұл туралы “Обозреватель” басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жантебірентерлік видео АҚШ-тың ЮТА штатындағы жетімдер үйінің бірінде түсірілген. Онда тәрбиеші ата-ананың қарауынсыз қалған қызға асырап алушылардың табылғанын хабарлайды. Қуанышы қойнына сыймаған жеткіншек тәрбиешісінің мойнына асыла жөнеледі.

Ұстаздың айтуынша, Танна Бетерфилд ата-анасы табылған жағдайда өзіне бірден хабар беруді өтінген.

Танна жаңа отбасымен осыдан екі жыл бұрын танысқан. Фишерлер осы уақыт аралығында оның жағдайын біліп тұрса да, асырап алуға жүрексінген көрінеді. Оның үстіне, құжат әзірлеумен де біраз уақыт кетіп қалған ұқсайды. Сондықтан да жаңа отбасымен қауышу Танна үшін көптен күткен оқиға болды.

Фишерлер отбасының Таннадан бөлек, екі баласы бар, 13 жасар Эйден мен 10 жасар Мейси.

Отбасы ұзақ уақыт бойы белсіздіктің азабын тартқандықтан, алдағы уақытта көпбалалы болуды армандайды екен.

27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже