jasqazaq.kz

Асық алшысынан түсетін күн жақын

05 қазан 2022, 10:33

Шымкент қаласы Әл-Фараби кітапханасында зиялы қауым өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауындағы қадаулы мәселелер төңірегінде пікірлесті. Жиынның әрбір қатысушысы өз ойымен бөлісіп, Жолдауда айтылған әр бағытты кеңінен тарқатты.

«Аманат» партиясының Қаратау ауданы филиалының атқарушы хатшысы Әбдез Рахманұлы бұл жолғы Жолдау халықтың әлеуметтік мәселесі мен балалардың болашағын инвестициялаудың тың әдістері ұсынылғанын айтты. Сонымен бірге алдағы кезектен тыс сайлаудың маңыздылығына тоқталды.

–Маусым айында жалпыхалықтық референдумда Заңға өзгеріс енгізу үшін дауыс бердік. Көп ұзамай ең алғашқы өзгеріс Президент Жолдауында көрініс тапты. Мемлекет басшысы жер мен оның қойнауындағы байлық халыққа тиесілі екенін атап өтті. 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың инвестициялық түсімінің 50 пайызы балалардың жеке шотына аударылып отыратын болды. Болашақта осы қаржыны 18-ге толған әрбір жас сапалы білім мен баспана алуға жұмсайды. Өркениетке бет алған ел үшін өте дұрыс шешім болды. Әлемдік тәжірибеде 5 жыл жұмыс істеген компанияға ел сеніммен қарайды екен. Ал, мемлекеттік басқаруда Ұлттық деңгейдегі жобаларды жүзеге асыруға 7 жыл қажет екенін сарапшылар айтуда. Елімізде Президент тек 1 рет 7 жылға сайлануы да халықтың әл-ауқатын көтеріп, экономиканы дамытуға жеткілікті деп ойлаймын, — деді Ә.Рахманұлы.

Ал, Әл-Фараби атындағы кітапхананың директоры Анар Жаппарқұлова дамудың әр саласын бүге-шүгесіне дейін қамтыған Жолдау болғанын өз ойларымен түйіндеді.

–Әділетті мемлекет дегенде бұрын тек құжат жүзінде орындалатын істер сияқты көрінетін. Қазір күннен-күнге орын алып жатқан өзгерістер мен жағымды жаңалықтардың күәсі болғаннан кейін шын мәнінде Жаңа Қазақстан қалыптасып жатқанына өте қуаныштымыз, деді ол.

«Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газетінің бас редакторы Бақтияр Тайжан биылдың өзінде көптеген игі істер іске асырылып, халыққа қолайлы орта қалыптасқанын айтады.

–Әлемде жер көлемі жағына 9 орында тұрған елімізде ауыл шаруашылығы ақсап тұрғаны жасырын емес. Етті Бразилядан импорттаудың өзі осыған дәлел. Биыл Президенттің тапсырмасына сәйкес игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,9 миллион гектар жер мемлекет иелігіне қайтарылды. Осы жылдың соңына дейін 5 млн. жерді қайтару жоспарланып отыр. Келесі жылдың соңына дейін Мемлекет басшысы тағы 10 млн. гектар игерілмей немесе заңсыз берілген жерді мемлекетке қайтаруды тапсырды. Осы қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлері шаруалар мен дихандарға берілсе, ауылшаруашылығының асығы алшыннан түсетін еді,- дейді Б.Тайжан.

Әділетті қоғам құру үшін еңбек адамының істері еленуі керек. Жиында сөз алған журналист Зәуре Оралбаева осылай деді.

–Президентіміз Қ.Тоқаев әр сөзінде әділетті қоғамда еңбек адамы бірінші кезекте екенін айтады. Әр сала нағыз білікті мамандардың арқасында дамиды. Олай болса әділетті мемлдекетті құруда бірінші кезекте еңбек адамының еңбегі бағалануы керек. Әр адам өзіңнің жұмысына аса жауапкершілікп қараса кез келген сала жүйеленеді, әрмен қарай дамиды. Сондықтан елдің дамуы бір ғана мемлекетке емес, әр бір азаматқа, яғни еңбек адамына байланысты, — дейді ол.

Айта кетейік, Шымкентте зиялы қауым өкілдерінің бас қосуымен түрлі саладағы тақырыптар қамтылып, іс-шараларға арқау болуда. Бұл жолы қаланың зиялы қауымы Президенттің Жолдауындағы іске асуы тиіс бағыттарды саралады.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті