jasqazaq.kz

Астықты жүк көлігіне тиеңіздер

03 ақпан 2016, 14:33

Қытай қазақстандық жеткізушілер үшін талаптарды жеңілдетті

Қытайлық тарап қазақстандық өнім үшін кейбір талаптардың күшін жойды. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осылай деп хабарлады.

«Бұрын қытай нарығына кіре алмаушы едік, себебі астықты қаппен жеткізуге тиіс болатынбыз. Биыл Қытаймен олардың аталмыш кедергілерді алып тастауы жайлы келістік. Қазір бидайды астық тасығыштармен де, автотасығыштармен де, контейнерлермен де жеткізе аламыз», — деп түсіндірді Бақытжан Сағынтаев.

Бірінші орынбасар берген деректер бойынша, қазіргі кезде алдымен 500 мың тонна жеткізу, осыдан кейін көлемді миллион тоннаға дейін ұлғайту туралы келісім бар. Қазақстандық‑қытайлық ынтымақтастықтың басқа да перспективалары арасында Премьер-министрдің бірінші орынбасары өнеркәсіп нысандарын Қытайдан жаңа кәсіпорындар тұрғызу мүмкіндігімен Қазақстан аумағына  көшіруді атады. «Оның үстіне қазір әлемдік нарықтарда қаржыландыру алудың аса қиын екенін білесіздер. Бұл мәселеде қытайлық банктер Қазақстанда жүзеге асырылатын жобаларды қаржыландыруға қуана келісуде», — деп атады Бақытжан Сағынтаев.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары бұл тақырыпты дамыта отырып, «қазірде олардың (Қытай-авт.) органикалық өнімдерді тұтынғысы келетінін, Қазақстанға зор қызығушылық танытып отырғанын» айтып өтті.

«Олар Қазақстанда өндірілген дүниенің бәрін сатып алуға дайын екенін айтты. Әрине, Қытай да бізге қажет, ол жаққа мал шаруашылығы өнімдерін жеткізетін боламыз. Олар өсімдік майларына, кондитерлік өнімдерге қызығады», — деп түйіндеді Бақытжан Сағынтаев.

Жанар Сердалина 

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды