jasqazaq.kz

Астрахандық қазақ қызы әлеуметтік желі қолданушыларын сұлулығымен тәнті етті (видео)

16 қазан 2017, 15:30

Ресейлік саяхатшы-блогер Радик Айбашев Астрахань қаласында болып, ойда-жоқта қазақ қызын ғаламтор «жұлдызына» айналдырды.

McDonalds дәмханалар желісінде жұмыс істейтін Лаура есімді қыздың видеосы қазір желі қолданушыларының арасында кеңінен талқыланып жатыр, — деп хабарлайды Caravan.kz.
Бейнероликте Радик Айбашев қазақ қызынан Ресейдегі қазақтардың қалай өмір сүріп жатқанын, орыстар тарапынан қысым болатын-болмайтынын сұраған. Саяхаттанушы сондай-ақ, әңгіме барысында Астрахань жеріндегі жер-су аттарының қазақша аталатынына таңырқайды. Соған қарағанда, ол Ресейдің қазіргі бірнеше облысы қазақтың тарихи жері екенін білмейтін болуы керек.

«Оның өте жақсы және жауапты қыз екені көрініп тұр. Оны танитын адамдар болса менің және оқырмандарымның атынан рахметімді жеткізуді сұраймын. Бірақ, Лаурамен қайда кездескенімді айтпаймын. Өйткені оны алып қашқысы келетіндер көп», — деп жазды Радик Айбашев өз Youtube-каналында.
Аталған видеороликті 2 мыңнан астам адам талқылап, жарты миллионға жуық адам көріп үлгерген.

27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті