jasqazaq.kz

Астаналық жастар шайтанды қууға арналған Хэллоуинге дайындалып жатыр

28 қазан 2017, 16:57

Жаңа жыл мерекесіне дайындықты екі ай бұрын бастап кеткен астаналықтар, шетелдің «Halloween» күнін де назардан тыс қалдырмақ емес. Аталған мерекеге, әсіресе, елордалық жастар мықтап кірісуде.  Студенттер «Hallowen» күніне орай арнайы макияж жасатып, «Halloween Party» кештеріне бармақ деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Соңғы жылдары елімізде айрықша аталып өте бастаған мерекеге, әсіресе, студент жастар әуес. Айтуларынша, «Halloween» ерекше образдар мен «мистика» мерекесі екен.
«Негізі мектеп кезінде, жоғары сыныптарда осы мерекені атап өтетін едік. Көпшілік, әсіресе, үлкендер қауымы бұл мейрамға қарсы екенін түсінеміз. Алайда, осы күнді тойлайтын болсақ, бұл — басқа ұлттың наным-сенімдерін ұстанып кетеміз деген сөз емес қой. Тек өзіміз, құрбы қыздар болып арнайы макияж жасатып, «Halloween Party» ұйымдастыратын мейрамханаға бармақпыз. Бір жағынан көңіл көтермекпіз, тағы бір жағынан көптен кездеспеген достармен кездеспекпіз. Мұның еш сөкеттігі жоқ деп санаймын», — деп ағынан жарылды астаналық студент қыздар.

Десе де, олардың арасында аталған мерекені даттап, «оның біздің менталитет, дін-дәстүрімізге сай келмейтінін» жеткізген жастар да табылып жатты.
«Бұл осыдан біраз жыл бұрын ақпан айында тойланатын «ғашықтар» күні сияқты болды. Білмеймін, жастардың өзге ұлт, елдердің мейрамдарына несіне соншалықты қызығатынын? «Halloween»-ді, тіпті, мейрам сиқы жоқ күн деп айтар едім. Беттерін адам шошырлықтай етіп бояп, «қорқынышты» костюм кигеннен не өзгереді? Ақшаны желге шашу дер едім. замандастырымның осылай адасып, басқа елдің салт-дәстүрінің жетегінде кетуі — түбі жақсылыққа апармас деп ойлаймын»,-дейді астаналық Әділбек
есімді студент.

Айта кетейік, аталмыш мереке әлемнің көптеген мемлекеттерінде 31 қазанда атап өтіледі. «Halloween» мейрамы, әсіресе, Ұлыбритания, АҚШ елдерінде кең тараған.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы