jasqazaq.kz

«Астанаға» қандай командалар қарсылас атануы мүмкін?

08 желтоқсан 2017, 11:50

Қазақ футболы тарихында тұңғыш болып Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шыққан «Астанаға» қандай командалар қарсылас атануы мүмкін? Осы жайында айта кетсек.

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеребе тастау рәсімі 11 желтоқсан күні Швейцарияның Ньон қаласында өтеді. Осы кеште 1/16 финалдағы «Астананың» қарсыласы да анықталады. Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алған 32 команда екі себетке бөлінген. Еленгендер қатарына топтық кезеңде бірінші орын алған және Чемпиондар лигасынан шығып қалған үздік командалар енген. «Астана» екінші себетте орналасқан. «Астанаға» қарсылас атануы мүмкін командалар: «Арсенал» (Англия), «РБ Лейпциг» (Германия), «Аталанта», «Лацио», «Милан» (үшеуі де Италия), «Вильярреал», «Атлетик», «Атлетико» (үшеуі де Испания), ЦСКА, «Зенит», «Локомотив» (үшеуі де Ресей), «Спортинг», «Брага» (екеуі де Португалия), «Динамо» Киев (Украина), «Зальцбург» (Австрия), «Виктория» (Чехия). Елордалық команда топта «Вильярреалмен» ойнағандықтан, бір-бірімен кездеспейді. «Боруссия» Дортмунд (Германия), «Наполи» (Италия), «Реал Сосьедад» (Испания), «Лион», Олимпик Марсель», «Ницца» (екеуі де – Франция), «Спартак» (Ресей), АЕК (Грекия), «Копенгаген» (Дания), «Партизан», «Црвена Звезда» (екеуі де — Сербия), «Лудогорец» (Болгария), «Селтик» (Шотландия), «Стяуа» (Румыния), «Эстерсунд» (Швеция) командалары «Астанамен» бір себетте орналасқан. Бір-біріне қарсылас атанбайды. Екінші себеттегі командалар бірінші ойынды өз алаңдарында өткізеді. «Астана» топтағы соңғы ойында «Славияны» ұтқаннан кейін УЕФА-ның клубтар рейтингінде 5 орын жоғарылап, 20,750 ұпаймен 67-орынға табан тіреді. Ал биылғы еурокубоктағы табысы 8 миллион 180 мың еуроны құрап отыр.

Vesti.kz

28 шiлде, 13:42
Түркістан: Ордабасыда ынтымақтастық рухын арттыруға арналған жиын өтті
28 шiлде, 13:40
Түркістан: Мақтаралда халықаралық өнлдірістік копперация орталығына инфрақұрылым тартыла бастады
28 шiлде, 11:43
Ынтымақтастық рухы: Ордабасыда қымызмұрындық өтті
27 шiлде, 17:39
Түркістан облысында агроөнеркәсіп секторы қарқынды дамуда
25 шiлде, 19:51
Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға шықты
25 шiлде, 18:40
Дина Тәжібай: Заманауи трансформатор энергия үнемдейді
25 шiлде, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады