jasqazaq.kz

Астанаға 36 келі есірткі жеткізген әйел сотталды

14 қараша 2017, 11:16

Елордада 36 келіден астам есірткі затын тасымалдаған әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, азаматша А. өзге адаммен алдын ала келісе отырып, Шу қаласынан Астанаға жолаушылар пойызымен екі жол сөмкесімен есірткі заты — гашишті тасымалдаған. Оның жалпы салмағы — 36 келі 188 грамм болған. «Астана қаласына келісімен теміржол вокзалында оны азамат М. күтіп алып, ымдау арқылы соңынан еруге бұйырған. Одан әрі азаматша А. азамат М.-нің артынан еріп, үйлердің бірінің ауласына келеді. Ол жерде есірткі заттары бар екі сөмке азамат Б.-ның көлігіне тиелген. Сөмкелерде не барынан хабарсыз көлік жүргізушісі оларды алып үйіне аттанады. Сол жерден Астана қаласы бойынша ҰҚКД қызметкерлері ірі көлемдегі есірткі заттары орналасқан екі сөмкені тауып, тәркіледі», — делінген соттың хабарламасында. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әйелді ҚР ҚК-інің 297-бабы 3-бөлігі, 1,3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.

 

Бүгін, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы