Астанадағы жанармай бекеті мектепке қауіп төндіріп тұр

02 қараша 2016, 22:23

mektep

Астананың қақ ортасында мектептің күллі көкке ұшуы мүмкін! Бүгін бір топ ата-ана осылай дабыл қағып, жанармай бекетінің құрылысына қарсы шықты. Дәл білім ошағының іргесінен салынып жатқан бекет расымен де оқушылар мен маңайдағы үйлерге үлкен қауіп төндіріп тұр. Сондықтан, ұл-қыздарының амандығы үшін алаңдаған жұрт құрылысты дереу тоқтатуды талап етуде. Бизнесмен мен ата-аналардың айқасы туралы Досжан Маратұлы айтсын.

Міне, жанармай бекеті екі жарым мың оқушы білім алатын мектептен таяқ тастам жерде салынып жатыр. Арасы 100 метрге де жетпейді екен. Құрылыстың кесірінен жолдың жабылғаны былай тұрсын, алда жалда бензин толы цистерналар жарылатын болса, мектеппен қоса жанындағы балабақша мен тұрғын үйлердің қүлі көкке ұшуы мүмкін.

Сондықтан Астанадағы № 54-ші мектепте ұл-қызы оқитын тұрғындардан әбден маза кеткен. Балалары 1-ші тоқсанды аяқтап каникулда  жатқанда ата-аналары білім ордасын торуылдап жүр. Әрине, жиналысқа  емес, наразылық шарасын өткізу үшін. Өйткені, оларды дәл лицейдің жанынан бекеттің салынуы шошытып отыр.

Райхан Молдабекова, Астана қаласының  тұрғыны:

-Қазірдің өзінде балаларымызды алып кеткенше аман сау болса екен деп тілейміз. Жарылыс қаншама, келіп жатқан лаңкестер қаншама. Мынау бомба салғанмен тең ғой.

Журналистер келген бойда, құрылыс дереу тоқтатылып, компания басшылары да із суытып үлгерді. Ал ашынған ата-аналардың айтуынша, жанармай бекеті талап бойынша тұрғын үйлерден 100-300 метр қашықтықта болу керек екен. Оның үстіне құрылыстың кесірінен мектепке апарар жол жабылып, оқушылар төңіректі айналып жүруге мәжбүр.

Гауһар Қабдулина, Астана қаласының тұрғыны:

-Сонда балалар қалай жүреді? Не ұша ма сонда балалар? Мына жанармай құю бекетінен ұшып кете ма?

Амангелді Өскенбаев, Астана қаласының тұрғыны:

-Көшеге заправка түсіп жатыр. Әкімдік қайда қарап отыр? Білім министрлігі қайда қарап отыр?

Бірақ, қарап отырған ешкім көрінбейді.Сондықтан тұрғындар құрылыстың тоқтатылуын талап етіп, жаппай әкімдікке арыз жазған. Тіпті қауіпті нүктеде қалып қойған мектеп басшылығы да ешкімге сөзін өткізе алмапты. Ал шенеуніктер құрылыстың барлық талапқа сай жүріп жатқанын айтып отыр.

Қайрат Қожамжаров,Астана қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы

-Жанармай бекеті салынып жатқан жер жеке меншікте. Қаланың  бас жоспарына сәйкес, құрылысқа  әкімдік рұқсат беріп отыр. Бірақ, мектепке , тұрғын үйлерге кіру қиындағандықтан қазір құрылыс тоқтатылып, жобасы  қайтадан  өзгертілуде. Мектеп пен бекет арасындағы қашықтық 77 метр болуы тиіс. Ал болашақта маңайдағы  үйлер сүріледі.

Ал ұл-қыздарының өміріне алаңдаған ата-аналар алған бетінен қайтпақ емес. Айтқандары орындалмаса Ақордаға дейін шағым жазбақшы.

ktk.kz

17 шiлде, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде