jasqazaq.kz

Астанада велосипедшінің ұсталуы жұрттың ашуын туғызды: Полиция кадрдың ар жағында не болғанын көрсетті (Видео)

28 сәуiр 2025, 16:05

Сурет: Видеодан скрин

Астанада велосипедшінің ұсталуы әлеуметтік желіде жұрттың ашуын туғызды. Астана ПД кадрдың ар жағында не болғанын көрсетті.  Велосипедші полицейдің талабына бағынбағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде жаяу жүргіншілерге арналған көпірде велосипедпен жүрген ер адамның Жол жүрісі қағидаларын бұзып, жаяу жүргіншілерге кедергі келтіріп жатқанын байқаған.Полиция қызметкері аталған жерде велосипедпен жүруге тыйым салынғаны туралы сыпайы түрде түсіндіріп, ескерту жасаған. Алайда ол құлақ аспай өзін дөрекі ұстап, заң талаптарына бағынғысы келмеген. Осыған байланысты полицейлер оны полиция бөлімшесіне жеткізді.Полиция департаменті заң бәріне ортақ екенін, оны сақтау — әр азаматтың міндеті болып табылатынын естеріңізге салады. Қазіргі уақытта қызметтік тексеру тағайындалды, оның қорытындысы бойынша барлық қатысушылардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты