jasqazaq.kz

Астанада тұрғын үйдің сылағы опырылып тұрғындарды басып қала жаздады

20 қазан 2017, 22:54

Астанада тұрғын үйдің сылағы опырылып тұрғындарды басып қала жаздады. Сапасыз құрылыстың кесіренен қатты желге төтеп бере алмай құлаған құрылыс материалдары қайта адам жоқ жерге түскен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

— Қорқамыз өтуге мына жерден. Сосын айналып өтеміз мына жерден сабаққа бару үшін.

Тұрғындардың қорқатын жөні бар. Айтуынша, 12 қабатты үйді кезінде құрылыс компаниясы сапасыз салып қана қоймай, жұмысын аяқсыз қалдырған екен. Сондықтан, тұрғындар жабылып жүріп үйдің сыртын өздері соңына дейін қаптап алған. Бірақ, сәл жел тұрса темір қаңылтырлар мен өзге құрылыс материалдары төменге ұшады. Тіпті, бірнеше күн бұрын көліктерді басып қалыпты. Бір айта кетерлігі, жұрт үйдің сапасыз салынғанын айтып құзырлы орындарға талай мәрте шағымданған екен. Одан нәтиже жоқ. Енді соның зардабын тартуға мәжбүр.

Галина Тиваненкова, Астана қаласының тұрғыны: (ауд)

-Жақында өзіміз жөндеу жүргізгенбіз. Бірақ, бәрі тағы опырылып құлап жатыр. Дәл кіре берістің алдына түседі. Бұл сұмдық қой. Бір күні біреуіміздің басымызға құлап, жазым боламыз.

26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс