jasqazaq.kz

Астанада тұрғын үйдің пандусынан сырғанаған 10 жасар баланы көлік басып кетті (Видео)

11 наурыз 2025, 12:20

Астана қаласы Бөлекбаев көшесінің бойындағы тұрғын үйдің пандусына шығып алып, сырғанаған он жасар баланы көлік басып кетті , деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға кеше, 10 наурыз күні болған. Үш бала пандустан жолға қарай сырғанаған кезде тар көшеден өтіп бара жатқан Mitsubishi көлігі тоқтап үлгермей, баланы басып кеткен. Абырой болғанда, бала аман, емделіп жатыр.

«Он жасар бала ауруханаға түсті. Қазір тексеріс жүріп жатыр», — деп хабарлайды полиция департаменті.

Ал, қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, бала қатты жараланбаған, тек денесі ауырсынып қалған.

«Баланың жағдайы жақсы. Оны дәрігерлер толық тексеріп, үйіне жіберді. Ол амбулаторияда емделеді», — деп хабарлады ДСБ баспасөз қызметі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ASTANA|АСТАНА|SERGEK (@astana_brothers)

28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк