jasqazaq.kz

Астанада тұрғындар жатақханадан шығарылады

02 қыркүйек 2016, 16:48

Фото: Азаттық

Астананың іргесінде тұратын халық пен сот орындаушылары арасында дау туындап отыр. Бүгін сот орындаушысы мен қалалық «Городская недвижимость» мекемесінің өкілі жатақханада тұрып жатқан жеті отбасын күштеп шығаруға барған. Алайда жатақхана тұрғындары сот орындаушыларының талабын орындауға қарсылық білдіріп, пәтерден шықпайтынын айтты. Өйткені, жатақхана оларға 2008 жылы қазіргі «Алатау» стадионы аумағындағы жерде болған саяжайлары үшін тұруға берілген. Тұрғындар сол кезде саяжайлық жерлері мемлекет меншігіне алынғанда қаржылай өтемақы берілгенін, бірақ ол қаражат баспана сатып алуға тым аз болғанын айтады.

Қалалық «Городская недвижимость» мекемесінің заңгері Гаухар Абылаеваның айтуынша, жатақханада тұратын жеті отбасыға жатақхана 2006-2007 жылдары олардың саяжайдағы үйі мен жер телімін мемлекет меншігіне алуына байланысты уақытша тұруға берілген. Жатақхана 2015 жылдың соңында «Городская недвижимость» мекемесінің меншігіне алынған соң сот тұрғындарға жатақхананы босатуға шешім шығарған.
Ал тұрғындар болса баспана өздеріне шексіз мерзімге тұруға берілді деп ұқтық деген уәж айтып, сот орындаушыларының үйінен шығаруына қарсылық танытып, мүмкіндік бермеді. Алайда 7 отбасы пәтерін 15 қыркүйекке дейін босатып беретіні туралы қолхат жазып берді. Енді олар аталған мерзімге дейін пәтер тауып, үйді босатып беруі тиіс. Егер қыркүйектің 15 дейін пәтер таппаса, сот орындаушылары күштеп үйден шығарып жіберуі мүмкін.

Серік Жолдасбай, Астана қаласы

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда