jasqazaq.kz

Астанада пәтер ұрылары қолға түсті

01 қараша 2017, 11:22

«Сарыарқа» ауданы ІІБ криминалдық полиция қызметкерлері қала аумағында бірнеше пәтерді тонаған ұрыларды ұстады, деп хабарлады елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаскүнемдер пәтерге кіретін есіктерді сындыру немесе сәйкес келетін кілтті таңдау арқылы кірген. Олар пәтерлерден алтын бұйымдарды, ноутбуктер мен телевизорларды ұрлаған.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 18 және 21 жастағы күдіктілерді тез арада қолға түсірді. Олар ұрланған заттарды ломбардтарға тапсырған немесе кездейсоқ сатып алушыларға сатқан» — делінген хабарламада.

Ұсталғандар өз кінәсін мойындап отыр. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Олардың қала аумағында осыған ұқсас жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдіктілердің бірі бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Ұсталғандар Астана қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

bnews.kz

 

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы