jasqazaq.kz

Астанада өтетін сайыс әлемнің 122 елінде көрсетіледі

07 қараша 2017, 15:36


Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде 2017 жылдың 14-17 желтоқсаны аралығында үстел теннисінен «World Tour Grand Finals» әлемдік турының ақтық сайысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«World Tour Grand Finals» жарысын ҚР үстел теннисі федерациясы Халықаралық үстел теннисі федерациясы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен өткізіп отыр.Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, жарыстың деңгейі аталған спорт түрінен Олимпиада ойындары немесе Әлем чемпионатынан кем түспейді.

Гранд-финалда ерлер мен әйелдер арасындағы әлемдік рейтингтегі ең үздік ТОП-16 спортшылары мен World Tour жарысының 12 кезеңі бойынша ең көп ұпай жинаған үстел теннисшілері бас қосады. Осы орайда, Астанаға үстел теннисінен әлемнің 9 чемпионы және Олимпиаданың 5 чемпионы келе жатқанын атап өтуге болады.

Аталмыш турнир — World Tour сайысының ақтық сериясы. Ол жарыс жыл бойы өткізіліп келеді. Биылғы жылы жарыстың 12 кезеңі Будапешт (Венгрия), Нью-Дели (Үндістан), Инчхон (Корея), Панагюриште (Болгария), Оломоуц (Чехия), Стокгольм (Швеция), Доха (Катар), Токио (Жапония), Чэнду (қытай), Брисбен (Аустралия), Линц (Австрия), Магдебург (Германия) қалаларында ұйымдастырылған. Астана ТМД елдері ішінде дәл осындай ауқымдағы жарысты өткізетін бірінші қала болмақ.

«World Tour Grand Finals» сайысының трансляциясы әлемнің 122 еліне тарайды. Жалпы 122 елден 800 миллион көрермен Астанадағы сайысты тамашалай алады. Жүлде қоры — 1 миллион АҚШ доллары.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы