Астанада отбасылық ғылыми PRO.NRG FEST 2024 фестивалі өтті

23 қыркүйек, 11:41

Қазіргі таңда экологиялық мәдениет пен оған деген оң көзқарасты дамыту күн тәртібінде тұрған мәселе. Ол үшін табиғатты аялауды қоғамның әрбір мүшесінің бойына бала жастан сіңіріп, оны отбасылық құндылықтардың қатарына қосқан жөн.

Үшінші рет өтіп отырған PRO.NRG FEST 2024 «Tabigat & Science» фестивалі міне, осындай игі мақсаттарды көздейді. Жалпы білікті мамандар мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына күрделі нәрселерді қарапайым тілмен түсіндіретін бұл фестивальді отбасылық мереке деуге әбден болады. Сонымен қатар, мұнда мұғалімдер балаларға арналған сабақтарды қалайша жарқын, тартымды және қызықты етіп өткізу керектігін айтады.

Өткен жылы бүкіл отбасы мүшелеріне арналған осы ағарту фестиваліне 6,5 мыңнан астам көрермен қатысқан екен. Биыл да жиналған халықтың қарасы мол көрінді.

Кіреберісте әр жастағы бүлдіршіндер арнайы қабырғаға түрлі-түсті бояулармен өз қиялындағы суреттерін салып жатты. Балалардың қолдарымен жасалған роботехника өнімдірінің көрмесі де көпшілік қызығушылығын тудырды.

Робототехника үйірмесінің мүшелері Әйгерім мен Айтолқынның айтуларынша қазақстандық оқушылар халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды алып жүр екен. Сол олимпиадаларда жүзден жүйрік шыққан оқушылар кейін шетелдік танымал оқу орындарына шақырту алады.

Аталған фестиваль барысында Қазақстанда STEAM-білімді дамытушы «Caravan of Knowledge» корпоративтік қорының жетекшісі Зарина Биімбаева, «Шеврон» компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі Лейла Айтмұханова, халықаралық бакалавриат емтиханшысы Мақсат Дәулетқазыұлы, «Байбаламсыз экология» подкастының бірлескен жүргізушісі, эколог, recycle.birge қоғамдастығының өкілі Пакизат Сайлаубекова және YEMAA заманауи мәдениет орталығының өкілі Малика Оразғалиева өз бағыттары бойынша сөз сөйледі.

«NRG-Fest — еліміздегі отбасылық-ағарту тұжырымдамасы мен қатысушылар үшін еркін кіру мүмкіндігі бар жалғыз шара. Жылдан жылға біз білім беру контекстін ғана емес, сонымен қатар қоғамда жаңа шығармашылық ойларды тудыратын жаңа тақырыптарды талқылаймыз. Бұл жолы біз ғылымның әртүрлі аспектілері арқылы адамның табиғаттағы рөлін және керісінше табиғаттың адам бойында жүйе ретінде көрініс табуын айқындағымыз келді. Спикерлердің кәсібилігі бұл тақырыпты кез-келген жастағы адамдар үшін толық және жан-жақты ашып, ұсынуға мүмкіндік береді. Барлық тілек білдірушілерге құнды білім ұсыну Шеврон компаниясының қолдауымен мүмкін болып отыр»,— деп атап өтті «Caravan of Knowledge» қорының басшысы Зарина Биімбаева.
Фестиваль барысында балалар үшін интерактивті аймақтар құрылып, онда олар өздерін нағыз ғалымдар ретінде сезінді. Жас өркен геймификация форматында инженерия мен ғылыми шығармашылықпен айналысып, жасанды интеллект арқылы ғарышты зерделеп, мемдер, аниме, фильмдер мен мультфильмдер бойынша тарихты зерттеуге мүмкіндік алды. Ең белсенді қатысушылар ақылды сыйлықтарға ие болды.

Ата-аналар үшін сараптамалық дәрістер дайындалды, сондай-ақ олар түрлі ойындар арқылы өз баласын қалай дамыту керектігін, қазір білім берудегі трендтер, баланың мүдделерін ескере отырып, оның назарын қайда бағыттау керектігін білуге қол жеткізді.
Егер PRO.NRG FEST 2024 фестивлінің формуласын бір ауыз сөзбен түйіндеп, тұжырымдайтын болсақ ол «Болашаққа дайындық: ғылым, табиғат және шығармашылық» деген айқындауышқа сыйып тұр.

Абзал Ибрагим,
Астана қаласы

Бүгін, 14:17
Мектепте ақша жинау мәселесіне Ғани Бейсембаев нүкте қойды
26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?