jasqazaq.kz

Астанада «Орталық Азия – Қытай» медиафорумы өтіп жатыр

29 мамыр, 14:12

Астанада Орталық Азия елдері мен Қытай елі медиа саласы мамандарының қатысуымен форум өтіп жатыр, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Kazinform мәліметінше, медиафорум Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзімен ашылды. Құттықтау сөзін Қазақстан Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев оқып берді.

Президент құттықтауында. «Құрметті достар, сіздерді Қытай мен Орталық Азияның ықпалдастығын арттыруға арналған форумның ашылуымен құттықтаймын. Бұл — біздің еліміздің медиа саласындағы келісім мен сенімді арқау еткен, серіктестікті бекемдей түсетін бас қосу.
Бүгінде жер жүзінде ауқымды өзгерістер болып жатыр, түрлі мәдениеттер мен қоғам арасындағы алтын көпір саналатын журналистердің рөлі бұрынғыдан да артып келеді. Сауатты әрі байыпты ақпараттық саясат, ынтымағымызды күшейтіп, орнықты дамуымызға септігін тигізеді. Қазіргі заманда медиа саласында бейбітшілікті, өзара қолдау мен татулықты дәріптейтін аса маңызды құралға айналды. Осы орайда Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мырзаның «Бір белдеу, бір жол» бастамасының мәні зор. Бірегей жоба жаһандық ынтымақтастық тұжырымдамасы ретінде әлем қауымдастығының жоғары бағасына ие болып отыр.

Қазақстан Қытай Халық Республикасымен достық қатынасты дамытуға айрықша мән береді. Тиімді диалог құруға ұмтылған елдеріміздің мүддесі бір, мақсаты ортақ. Халықтардың бір-бірін жақын танып білуі және жаһандық сын-қатерлердің шешімін бірлесіп іздеу өте маңызды. Бұған жауапкершілігі мол медиа саласы өкілдері зор үлес қоса алады. Мұндай алқалы жиындар Еуразия кеңістігінде тұрақтылық, ашықтық және жасампаздық қағидаттарын орнықтыра түсуге ықпал етеді. Форумда осы аймақтағы барлық елдің игілігіне қызмет ететін тың идеялар мен парасатты пікірлер айтылады деп сенемін. Баршаңызға бақ-береке, мол табыс тілеймін», — делінген.
Медиафорумды қытайдың «Жэньминь жибао» газеті және Қазақстан Республикасының Президенті Телерадиокешені ұйымдастырды.

JQ-Aqparat
Сурет: inform.kz

Бүгін, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы